Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Виктория Графеева финалға шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық боксшы 60 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңның иесі Порнтип Буапамен шеберлік байқасты.
Виктория бірінші раундта-ақ қарсыласын нокдаунға жіберді. Нокдаун екінші кезеңде де қайталанғаннан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатты.
Тағы бір қазақстандық Ұлжан Сәрсенбек 57 келіге дейінгі салмақта тағы бір таилық Пунрави Руенроспен жұдырықтасты. Мұнда төрешілер жеңісті түгелдей жергілікті боксшыға берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу