Азия чемпионы Бек Нұрмағанбеттің қарсыласы ауысты

2546

Жекпе-жекке үш күн қалды.

Азия чемпионы Бек Нұрмағанбеттің қарсыласы ауысты

Бокстан Азия чемпионы Бек Нұрмағанбеттің кәсіби рингтегі алғашқы қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Suleimen Promoution  промоутерлік компаниясы.

26 шілде күні Қазақстандық боксшының Минск қаласында өтетін бокс кешінде кәсіпқой рингтегі алғашқы дебюті болады. Кездесудің форматы жартылай орта салмақта, алты раундтан тұрады. Бастапқыда Бек Грузия боксшысы Зура Мекерешвилимен кездеседі деп жоспарланған. Алайда жекпе-жекке үш күн қалғанда оның қарсыласы ауысты. Енді жерлесіміз Венгрия өкілі Тамас Ласкаға қарсы шаршы алаңға шығатын болды.

Минскіде өтетін бокс кешінің басты жұлдыздарының бірі екінші дәрежелі WBO Global, WBC Asia және WBA International титулдарының иегері орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Айдос Ербосынұлы. Ол атақтарын қорғап қалу үшіг нигериялық Нуху Лавальға қарсы рингке шығады.

22 жасар Бек Нұрмағанбет 2019-жылдың сәуір айында 81 келіге дейінгі салмақ  бойынша Азия Чемпионы атанған. Бірақ жарақат алуына байланысты Әлем Чемпионатына бара алмады. Дегенмен оның орнын алмастырған Бекзат Нұрдаулетов сол жарыста алтыннан алқа таққан болатын. Биыл маусым айында Бек Нұрмағанбет Қазақстан Ұлттық құрамасынан кететінін мәлімдеді. Ал шілде айында ол Suleimen Promotions промоутерлік компаниясымен келісім-шартқа қол қойды.

Естеріңізге сала кетсек, Suleimen Promotions 26-шілде күні өтетін бокс кешіне қатысатыны жайлы өзінің Instagram-парақшасында хабарлаған еді.

"Еліміз бен бүкіл әлемде орын алған осындай қиын кезеңде бұл спорт түрінің нағыз жанкүйерлері мен қолдаушылары үшін кәсіби бокс кешін ұйымдастыруды жөн санадық. Бокс кеші 26-шілде күні Минскіде (Белорусия) өтеді", - деп жазылған Suleimen Promotions-тың ресми Instagram-парақшасында. Спорттық іс-шараның Қазақстаннан тыс жерде өтетініне қарамастан бокс кешіне қатысатын спортшылардың көбі қазақстандықтар. Минскіде Бек Нұрмағанбеттен басқа Айдос Ербосынұлы, Нұрсұлтан Жаңабаев, Нұрсұлтан Аманжолов, Евгений Павловтар рингке шығады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу