Азия ойындарында ел намысын қорғайтын шахматшылар кімдер?

1193

Жалпы саны 524 қазақстандық спортшы Азиадада сынға түсуде.

Азия ойындарында ел намысын қорғайтын шахматшылар кімдер? Фото: kazchess.kz

Шахмат бойынша Қазақстан атынан 10 спортшыдан тұратын команда Қытайға жол тартты. Ел намысын Ринат Жұмабаев, Әлішер Сүлейменов, Қазыбек Нөгербек, Алдияр Аңсат, Рамазан Жалмаханов, Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Меруерт Камалиденова және Алуа Нұрманова қорғайтын болады.

Командалық жарыстар классикалық шахмат бойынша, ал жеке есепте – рапид бойынша өтеді. Қазақстан шахмат федерациясы мәлім еткендей, жекелей жарыста ерлер арасында Ринат Жұмабаев пен Қазыбек Нөгербек, әйелдер арасында Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік сынға түседі.

"Азиадаға өте мықты құраманы жасақтадық және шахматшыларымыздың жетістікке жететініне сенімдіміз. Естеріңізге сала кетейін, Қазақстан бұған дейін шахматтан Азиада алтынын жеңіп алған болатын. 2006 жылы Қажығалеев Мұртас Дохада өткен Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұл жолы да біз жақсы нәтиже көрсетеді деп сенеміз. Шахматшыларымыз бабында. Оларға сәттілік, жеңіс тілейміз. Біз өз командамызды қолдаймыз", – дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.

Шахматшыларды тәжірибелі бапкерлер – Қазақстан Республикасы құрама командаларының бас бапкері Павел Коцур, ерлер құрамасының бас бапкері Әнуар Исмағамбетов, мемлекеттік бапкер Дастан Қапаев, Александр Моисеенко және Владислав Ткачев бастап барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу