Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаевтің айтуынша, Бірыңғай үйлестірушінің басқаруымен бағаны тұрақтандырудың қолданыстағы тетіктерін іске асыруды орталықтандырылған түрде үйлестіру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның маусымдық ауытқуларын бәсеңдету шарттары мен әдістерін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Цифрлық платформа базасында оператор құру көзделеді – бұл өнімді тікелей өндірушілерден егістік алқаптары мен қоймалардан сатып алуды, орталықтандырылған жабдықтауды және өнімді делдалдарсыз біркелкі бөлуді, нақты тауарлық нысаналы бағыттауды және маусымға қарамастан нарықты тұрақты, жоспарлы түрде қанықтыруды қамтамасыз етеді, бұл барлығы үшін ашықтықты, тұрақтылықты және әділ бағаларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру құзыретін Ауыл шаруашылығы министрлігінен Сауда және интеграция министрлігіне беру жүзеге асырылуда. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру мен тұтынудың индикативтік балансын енгізу ұсынылып отыр. Бұл қандай тауарлар бойынша қамтамасыз етілу тапшылығы бар екенін және тиісінше қандай тауарлар бойынша күшейтілген бақылау мен сауда заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін анықтауға мүмкіндік береді.