Азық-түліктің қымбаттауы инфляцияны күшейтті

4218

Ұлттық банктің болжамы дөп келді.

Азық-түліктің қымбаттауы инфляцияны күшейтті

Бүгін Алматыда Қазақстан Ұлттық банкі өкілдерінің қаржы сарапшыларымен кезекті кездесуі болып өтті. Оның барысында реттеушінің ақша-кредит саясатының мәселелері, ақша және валюта нарықтарындағы ахуал, сондай-ақ қаржы реттеушісінің базалық мөлшерлемені  9% деңгейде сақтау туралы шешімі талқыланды, деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.

"Ағымдағы факторлар инфляция үшін қолайлы болып қалып отыр, алайда орташа мерзімді кезеңде белгілі бір тәуекелдер бар, біз оларды тамыз-қыркүйекте болжамдық раунд жүргізу кезінде барынша жан-жақты бағалайтын боламыз. Инфляцияның ағымдағы деңгейі біздің бұдан бұрынғы болжамдарымызға сәйкес қалыптастырылады. Маусымда инфляция – 0,2%, ал жылдық көрсеткіш бойынша 5,4% болды, бұл ағымдағы жылғы 4-6% нысаналы дәлізге сәйкес келеді", – дейді Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты департаментінің  директоры Виталий Тутушкин.

Ұлттық банктің өкілі халықтың инфляциялық болжамдары  азық-түлік тауарлары бағасының өзгеруіне әсері ретінде мамырдағы 4,7%-дан маусымдағы 5,4%-ға дейін өскендігін және нақты инфляция деңгейінде қалыптасқанын атап өтті.

"Теңгенің айырбастау бағамы ішкі бағаларға бейтарап әсер етеді. Құбылмалылыққа қарамастан, теңгенің жыл басынан бері ұлғаюы 0,2%-ды құрады, тиісінше, айырбастау бағамының инфляцияға сіңіп кетуі болмайды", –  деп түсіндірген В. Тутушкин ішкі сұраныс факторларының тарапынан проинфляциялық қысымның өсіп отырғанын айтты.

Сонымен қатар, оның айтуынша, фискалдық себептерге байланысты инфляциялық тәуекелдер күшеюде.

"Республикалық бюджеттегі жақында болған нақтылауға сәйкес шығыстар ұлғайды, бұл сұраныстың кеңеюіне мүмкіндік жасайды және бағаға қысым жасайды. Бірақ неғұрлым дәл әсер етуді біз кейінірек бағалай аламыз",  – деді  Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты департаментінің  директоры.

Ұлттық банктің өкілі халықтың нақты ақшалай кірістерінің өсуі жалғасып отыр, ол биылғы жылғы қаңтар-мамырда 5,5%-ды құрағанын айтты.

Сондай-ақ тұтынушылық кредиттеу кеңеюде. Осы жылғы мамырда банктердің тұтынушылық кредиттеу портфелі жылдық көрсеткіш бойынша 14,8%-ға ұлғайды.

"Сыртқы нарықта Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы өндіріс көлемінің жоғары болуының және мұнайдың әлемдік қорларының өсуінің нәтижесінде 2018 жылғы орташа алғанда бір баррель үшін 72 АҚШ долларымен салыстырғанда биылғы жылдың басынан бері бір баррель үшін 66 АҚШ долларын құрады. ОПЕК+ шеңберінде мұнай өндіруді шектеу жөнінде шілденің басында қол жеткізілген уағдаластық жылдың соңына дейін бағаға қолдау көрсетеді. Алайда мұнай бағасын белгілеудің одан әрі серпіні үшін теріс факторлар Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленіс, сондай-ақ әлемдік жетекші экономикалар арасындағы сауда дауларында уағдаластыққа қол жеткізе алмау болып қалады", –  деп хабардар етті Виталий Тутушкин.

Сондай-ақ Ұлттық банктің өкілі кездесуге қатысушыларға сыртқы монетарлық талаптардың жұмсарғандығы туралы мәлімдеді. Бұл жайлы АҚШ ФРЖ-ның мөлшерлемелердің бұдан былай неғұрлым төмен траекториясына қатысты риторикасы, сол сияқты ЕОБ-ның экономиканы ынталандырудың қосымша шаралары туралы мәлімдемелері негіз болды.

В. Тутушкин негізгі сауда әріптес елдердегі инфляция қалыпты деңгейде қалыптасып отыр деп қосты. Ресейде инфляция маусымда  4,7%-ға дейін төмендеді. Қытайда маусымда инфляция 2,7%-ды құрады, бірақ нысаналы 3%-дық көрсеткіштен төмен болды. Еуропалық Одақта мамырдың қорытындысы бойынша нысаналы 2% деңгейінде болған кезде 1,6%-ға дейін төмендеу байқалды.

"Осылайша, ортамерзімді перспективада макроэкономикалық талаптарды айқындайтын сыртқы сектордың және ішкі экономиканың тәуекелдер балансы өзгерді. Аталған тәуекелдердің әсерін барынша азайту мақсатында біз ақша нарығында түзетуге бағытталған шараларды іске асыра бастадық", –  деп қорытындылады бас банк өкілі.

Аслан Қажен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу