БАӘ Сыртқы істер министрлігінің жазуынша, қазірдің өзінде-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысы нақты бұзылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Біріккен Араб Әмірліктері Тегерандағы елшілігін жабатынын, елші мен дипломаттарын Иран астанасынан кері шақыртпақ.
– Тұрғын аудандарға, әуежайларға, порттарға және қызмет көрсету саласының нысандарына бағытталған шабуылдар – жазықсыз бейбіт тұрғындарға қауіп төндірді, айтарлықтай және жауапсыз эскалацияны көрсетеді, ұлттық тәуелсіздіктің ашық бұзылуы, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының нақты бұзылуы, – деп хабарлады ведомство.
БАӘ Сыртқы істер министрлігі бұл шешім елдің қауіпсіздік пен тәуелсіздікке қатысты берік ұстанымын көрсететінін хабарлады. Оны қабылдауға себеп – эскалацияны азайтуға кедергі келтіретін тұрақты провокациялар, бұл аймақтағы және әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіруі. Өйткені бұл энергетикалық қауіпсіздік пен экономикаға да әсер етуі ықтимал.
Айта кетейік, 1 наурызда Дубай халықаралық әуежайына шабуыл жасалған еді. Джебель-Али портындағы кемелердің жүк айлағына құлаған зымыран қалдықтардың салдарынан өрт шықты. Сол себепті, жергілікті әуежайлар жабылып, елде дабыл режимі жарияланды. Абу-Дабиде Иран зымырандарын жою кезінде бір адам қаза тапқаны хабарланды.