Стефан Де Бод жарыс басталысымен шабандоздардан бірінші болып алға озды. Ол бұл жарыстағы команданың амбициясын бірден танытты. Оңтүстік африкалық шабандоз жекелей жарыста екінші аралық уақыт көрсетті. Сәл кейінірек Луис Леон Санчес әріптесінің нәтижесін бірнеше секундқа жақсартып, біраз уақыт үшінші орында болды.
"Мен бүгінгі "жекелей уақытқа арналған жарыста" жақсы нәтиже көрсетуге тырыстым және өзімнің көрсеткішіме көңілім толады. Филиппо Ганна сияқты керемет маманнан да жақсы нәтиже көрсету үшін күресу мүмкін емес екенін білдім. Сондықтан басты міндетім жоғары жылдамдықпен жүру болды және мен мұны орындадым деп ойлаймын. Таңертең жақсы жаттығу жасадым. Сондықтан дайын болдым. Бірақ, жарыс жолында барымды сала алмадым. Кеше көпкүндіктің сәтсіз басталғанына қарамастан өзімді жақсы сезінемін және командамен бірге тамаша нәтижелерге қол жеткізе аламыз деп сенемін", - деді Луис Леон Санчес.
Нәтижесінде бүгінгі кезеңнің басты фавориті Филиппо Ганна секундомерді 13 минут 56 секундта тоқтатып, жеңіске жетті. Санчес 5-ші орынға көтерілді (+0.30), ал Де Бод 8-ші орынға ие болды (+0.33). Сондай-ақ, Маттео Собреро да жарысты жақсы өткізіп, соңғы 14-ші орынды иеленді (+0.44).
"Біздің бүгінгі нәтижеге көңіліміз толады. Бұл нағыз мамандарға арналған қысқа, жылдам және желді ауа-райында өткен жекелей жарыс болды. Біз "спринтерлеріміз" Луис Леоннан, Стефанна мен Маттеодан жақсы нәтиже күттік. Нәтижесінде жігіттер жақсы өнер көрсетті. Осылайша біздің екі шабандоз Toп 10 қатарынан табылды және осындай "жекелей сында" бұл лайықты нәтиже. Енді біз таулы аймаққа жақындадық. Мұнда келген командамыздың шабандоздары алдағы күндері айтарлықтай жетістікке жетуі мүмкін деп ойлаймын", - деп қоса кетті команданың спорт менеджері Дмитрий Фофонов.
БАӘ туры. 2-кезең. Аль Худайрийяд – Аль Худайрийяд, 13 шақырым.
Кезеңнің үздік үштігі: 1. Филиппо Ганна (Ineos - Grenadiers); 2. Стефан Биссеггер (EF Education – Nippo); 3. Миккель Бьяо (UAE-Team Emirates).
Astana – Premier Tech Stage Кезеңнің үздік үштігі: 6. Луис Леон Санчес; 11. Стефан Де Бод; 19. Маттео Собреро.
Ермұхамед Мәулен