Баға құбылып тұр

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
3966

Қаңтар-сәуірде елдегі инфляция көлемі 2,2%-ды құрады. 

Баға құбылып тұр

Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, қаңтар-сәуір аралығында азық-түлік тауарларының бағасы 2,8%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 1,7%-ға, ақылы қызметтер бағасы 1,9%-ға өсті.

Жыл басынан бері картоп бағасы 7,2%-ға, мәйекті ірімшік – 5%-ға, консервіленген сүт – 4,6%-ға, сары май – 3,4%-ға, қышқыл сүт өнімдері – 3,3%-ға, сүзбе, сиыр еті, жылқы еті, жалпы ет өнімдері – 2,5%-ға, шұжықтар – 2,3%-ға, жеміс және көкөніс шырындары –  2,2%-ға, салқындатылған сусындар 1,6%-ға қымбаттаған. Қарақұмық жармасының (15,9%-ға), қара шайдың (1,8%-ға), құс етінің (1,4%-ға), жұмыртқаның (1,1%-ға) бағасы арзандаған.

Сондай-ақ, қаңтар-сәуір аралығында фармацевтикалық өнімдер бағасы 2,9%-ға, автомобильдер – 2,8%-ға, тұрмыстық аспаптар – 1,9%-ға, шыны және қыштан жасалған өнімдер – 1,8%-ға, киім және аяқ киім, жуғыш және тазалағыш құралдар – 1,7%-ға, жиһаз және үйге қажетті заттар – 1,6%-ға, тоқыма бұйымдары – 1,5%-ға, кітаптар 1,3%-ға өскен.

Сонымен қатар, құқықтық қызметтер, жеке көлiк құралдарын сақтандыру бағасы 6%-ға, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтері – 3,2%-ға, денсаулық сақтау – 2,9%-ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 2,5%-ға, қоғамдық тамақтандыру қызметтері 1,1%-ға қымбаттаған.

Қала ішінде автобуспен жол жүру ақысы 3,1%-ға, қалааралық автобус, жолаушылардың темір жол көлігі 2,8%-ға қымбаттады. Ал әуе көлігімен қатынау бағасы 2,2%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында электр энергиясы (3,6%-ға), орталықтан жылыту, ыстық су (3,5%-ға), қоқыс шығару (3%-ға), тұрғын үйді күтіп ұстау (2,2%-ға), тарату желілері арқылы тасымалданатын газ (1,9%-ға), суық су (0,9%-ға), кәріз жүйесі (0,8%-ға) тарифтері жоғарылады.

Қаңтар-сәуір аралығында өндіруші кәсіпорындар бағасы 2,4%-ға жоғарылады. Бағаның өсуі өңдеу өнеркәсібінде (2,8%-ға) кен өндіру өнеркәсібінде (2%-ға) байқалды. Сондай-ақ, өнеркәсіптік өнім (2,1%-ға), өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер (5,9%-ға) қымбаттады.

Жыл басынан бері дизель отынының бағасы 10,3%-ға, табиғи газ – 5,6%, көмір – 3,3%-ға, металл кендері – 3,1%-ға, мұнай – 1,5%-ға, мазут 1,1%-ға, бензин 0,4%-ға жоғарылады. Ал сұйытылған пропан және бутан бағасы 2,2%-ға төмендеді.

Ферроқорытпалар бағасы 15,3%-ға, қара металдар илегі – 5,9%-ға, мырыш 0,7%-ға жоғарыласа, алюминий бағасы 3,5%-ға, қорғасын 3,4%-ға, мыс 2,2%-ға, асыл металдар 0,9%-ға төмендеген.

Сондай-ақ, шай (4%-ға) қара бидай ұны (3,6%-ға), өсімдік майы (2,6%-ға) қант (2,4%-ға), күріш (1,9%-ға), сүт өнімдері (0,7%-ға), нан (0,4%-ға) бағасы жоғарылаған. Ал бидай ұны (4,9%-ға), жармалар (4,5%-ға), құс еті (1,6%-ға), макарон өнімдері (1,5%-ға) арзандады.

Статистика комитетінің дерегінше, сәуір айында азық-түлік тауарларының бағасы 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,5%-ға өсті. Сондай-ақ, бұл айда алкогольді ішімдіктер бағасы 11,2%-ға, сүт өнімдері – 10,1%-ға, балық және теңіз өнімдері – 8,1%-ға, кондитерлік өнімдер – 7,6%-ға, тоқаш және ұн өнімдері – 6,2%-ға, жемістер мен көкөністер – 4,9%-ға, кофе, шай және какао – 3,3%-ға, макарон өнімдері – 2,1%-ға, нан – 0,8%-ға, ұн 0,7%-ға қымбаттаған. Тек жармалар (18,7%-ға) мен қант (13,3%-ға) бағасы ғана төмендеген екен.

Сәуір айында ет және ет өнімдері бағасының өсімі 8,4%-ды құрады. Сиыр етінің бағасы 10,1%-ға, жылқы еті – 8,6%-ға, шұжық өнімдері – 8,1%-ға, қой еті – 7%-ға, құс еті 2,8%-ға өскен.

Бұл айда азық-түлік тауарларының ең төмен бағасы – Павлодар, Тараз, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, ал Алматы, Астана, Ақтау, Өскемен, Қостанай шаһарларында әлдеқайда жоғары бағалар тіркелген.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу