Бағлан Ергешев: Біз келісілген матч ойнаған емеспіз

1076

"Астана" футбол клубының атқарушы директоры бірнеше мәселеге жауап қатты.  

Бағлан Ергешев: Біз келісілген матч ойнаған емеспіз

- Бағлан Қожабайұлы Сіз қазақ футболын бес саусағыңыздай білетін адамсыз. "Астана" футбол клубына футболшылар алып келу үшін Сіздің тәжірибиеңізді пайдаланғысы келе ме?

- Футбол, жасыл алаң мәселелерінен бөлек те қыруар шаруа бар. Мен өзің білесің Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы болған адаммын. Сол кезде де ұйымдастыру жұмыстарын істеп, әбден ысылғанбыз. Өз алдына бөлек отау құрып, өзінің бөлек қазынасы болды. Футбол функционері болып жүргеніме 20 жылға жуықтады. Жинаған тәжірибемді "Астана" футбол клубының дамуына салсам деп отырмын. Басшылық мені осы жағынан да көмектес деп шақырып отыр.

- "Астана" футбол клубының басында өзінің ғимараты жоқ, әр табалдырықты бір аттап жүрген команда деген сөзге клуб қалай жауап бере алады?

- Иә, мен және клуб басшысы Арслан Беспаев екеуміз жұмысқа енді кірісіп жатырмыз. Қазір команданың ойыншылар құрамын жасақтаумен айналысып жатырмыз. Енді биыл демеймін, бірақ келесі жылы осы мәселені біз көтеріп басшылыққа жеткіземіз. Өзіміз қала шетінен дайын ғимарат сатып алуды жоспарлап отырмыз. Біздің кеңсеміз сол жер болуы тиіс. Әйтпесе әр бизнес орталықты бір паналап жүргеніміз жүрген.

- Осыдан бірнеше жыл бұрын Давид Лория басқаратын "Астана" Григорий Лория басқаратын "Қызылжармен" кездесті. Биыл мысалы сондай оқиға қайталанайын деп отыр. Өйткені Сіздің ұлыңыз "Оқжетпес" футбол клубының спорттық директоры.

- Маған осы сауалды 2-3 жігіт қойып үлгерді. Біз енді 2 футболшымызды "Оқжетпеске" жалға бердік. Тек "Оқжетпеске" ғана емес "Каспийге", "Мақтааралға" да бердік. Бізде келісім-шартта мынандай пункт бар. Ондай ойыншылар "Астанаға" қарсы ойнамайды. Мысалы, сол жас ойыншылардың бірі біздің қақпамызға гол салып кетсе ше? "Астанаға" әлі алына алмай жүрген футболшыда бізге қарсы ойында масқара мотивация болады. Сонда көп футбол маманы бізге айтып жатыр, "Астана" "Оқжетпеске" келгенде рұқсат беретін шығар деп. Жоқ. Тәртіп бәріне ортақ. Біз ол командамен еш келісімге келмейміз. Мақсатымыз чемпион болу. Мен ондай сыбайласқан матчтар ойнамаймын. Менің балам да ойнамайды. Сондықтан да еш қам жемеңіздер. "Астана" қолынан келсе "Оқжетпесті" жеңіп 3 ұпайын алуға тырысады. Біз сол үшін алаңда бар күшімізді саламыз.

- "Астана" командасына бір ірі денелі қорғаушы керек деп айтып қалдыңыз. Қазір еуропаның көптеген чемпионаттары жалғасып жатыр. Демек, көп футболшының келісім-шарты бар. Бос жүрген ешкім жоқ. Демек, Украина, Белорусь, Ресей футболшыларын қарастырып жатсыздар ғой?

- Жоқ, тек қана бұл аймақты ғана емес, Еуропаның өзінен де іздестіріп жатырмыз. Бір орталық қорғаушы керек. Еуропада ойнаған тәжірибиесі бар футболшы керек. Біз оны асықпай сәуір айна дейін іздестіре береміз. Өйткені, Қазақстанда трансферлік ауысым мерзімі сәуірге дейін ашық. Бірақ, бір анығы ол шетелдік футболшы болады.

- Сұқбатыңызға рахмет!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу