Бағы ашылған босқын бала

1426

Германия құрамасы атынан алғаш рет 11 жастағы шахматшы ойнайды 

Бағы ашылған босқын бала  Фото: google.com

11 жасқа толған Хуссейн Бесоу (Hussain Besou) жақын арада Германия ұлттық құрамасында дебют жасайды. Оқушы Хорватияда өтетін халықаралық чемпионатта неміс елінің намысын қорғайды. 

The Mitropa Cup – Орталық Еуропа елдерінің ұлттық құрамалары бақ сынайтын жыл сайынғы командалық турнир. 1976 жылдан бері өткізіліп келеді. 

Хуссейн – Германия үшін өнер көрсеткен ең жас шахматшы. Неміс бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында оның тәлімгері және жас шахматшылардың жаттықтырушысы Бернд Феклер (Bernd Vökler) мен бапкері Андреас Куэлер баланың керемет нәтиже көрсеткенін атап өтті.

"Бір ойында жеңіп келе жатқан балаларға шахмат тақтасын теріс аударуға өтініш айтылды. Бірақ Хусейн мұны орындаудан бас тартты. Себебі ол жеңілгенді ұнатпайды. Әрқашан алда болғысы келеді",– дейді бапкері Андрес Куэлер. 

12 жасқа дейінгі шахматшылардың әлемдік рейтингінде Хуссейн 2-орында. Өрімдей жас болса да, Хусейн гроссмейстер атанып үлгерген.

Ол Сирияда бала кезінен атасы мен әкесінің шахмат ойынына қарап өсіпті. 4 жастан бастап логикалық бұл ойынды меңгере бастаған. 

Тағдыр тауқыметімен осыдан 5 жыл бұрын Германияға қоныс аударған балақай шахматтан түрлі жарыстарға қатысып шыңдалды.  

"Маған шахмат ойнау математика сабағы сияқты. Өзімнен жасы үлкен балалармен ойнап жүрмін. Себебі олардың тәжірибесі көптеу. Хорватияға бару – мен үшін керемет мүмкіндік. Бапкеріммен бірге мықты дайындалдық", – дейді жас шахматшы Хусейн Бесоу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу