Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташқа" ауысты

841

Мәскеудің ЦСКА клубының және футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов мансабын Түркияның "Бешікташында" жалғастырады.

Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташқа" ауысты

Sport24 хабарлауынша, Зайнутдинов "Бешикташпен" 2027 жылдың жазына дейін ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды. Оның жалақысы маусымына шамамен 1,2 миллион еуроны құрайды және Зайнутдинов Түркия чемпионатында легионер болып есептелмейді.

Зайнутдиновтың ЦСКА-мен келісім шарты 2025 жылдың маусымына дейін болатын. Мәскеулік клуб ойыншыны 2020 жылы Ростовтан екі миллион еуроға сатып алған. Ал Transfermarkt порталы оның қазіргі нарықтық құнын алты миллион еуроға бағалап отыр. Ресей премьер-лигасының соңғы маусымында қазақстандық ЦСКА сапында 21 матч өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді, Ресей-2023 кубогының иегері атанды. Осыған дейін италиялық "Аталанта" мен "Торино" клубтары ойыншыға қызығушылық танытқан болатын.

Түркиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Зайнутдиновтың трансфері Стамбул клубына 4,5 миллион еуроға түскен. Қазіргі уақытта бұл "Бешікташ" үшін биылғы жазғы ең қымбат трансфер. Бұған дейін түріктер Францияның "Ланс" командасының қорғаушысы Жан Онан үшін 4,04 миллион еуро, ағылшындық "Вест Хэмнің" қорғаушысы Артур Масуака үшін екі миллион еуро төлеген болатын. Сондай-ақ, 211 мың еуроға түріктің "Сомаспорының" футболшысы Эмрежан Булутпен келісімге қол қойылды. Тағы үш ойыншы – қорғаушы Дэниел Амарти ("Лестер"), жартылай қорғаушы Алекс Окслейд-Чемберлен ("Ливерпуль") және Анте Ребич ("Милан") "Бешикташқа" еркін агент ретінде ауысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу