Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташтан" кетуі мүмкін

279

РПЛ клубы Зайнутдинов үшін 5 миллион еуро ұсынды. 

Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташтан" кетуі мүмкін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов алдағы жазғы трансферлік терезеде түркиялық "Бешикташ" клубынан кетуі мүмкін. 

Түркиялық спорт журналисі Сердар Сарыдагтың мәліметінше, Ресей Премьер-Лигасындағы (РПЛ) клубтардың бірі қазақстандық футболшы үшін 5 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасаған. Алайда әзірге түрік клубы бұл ұсынысқа байланысты ресми шешім қабылдаған жоқ.
Қазақстандық футболшының стамбұлдық клубпен келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін жарамды екенін айта кетейік. 

Ағымдағы маусымда Зайнутдинов "Бешикташ" сапында барлық турнирлерде 12 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пас жасады. Әртүрлі позицияда ойнай алатын әмбебап футболшы ретінде ол бапкерлердің үмітін ақтап келеді. .

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу