Бахтиёр Зайнутдинов Испания клубына ауысуы мүмкін

381

Қазақстан құрамасы мен түріктің "Бешікташ" футбол клубының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов Испанияның Ла Лига клубтарының біріне ауысуы мүмкін.

Бахтиёр Зайнутдинов Испания клубына ауысуы мүмкін Фото: Жеке парақшасынан

Түрік журналисті Сердар Сарыдағтың мәліметінше, испаниялық "Реал Вальядолид" клубы "Бешікташқа" Бахтиёр Зайнутдиновты жалға алу туралы ресми ұсыныс жасаған. Алайда, стамбұлдық клуб жалға алу келісіміне сатып алу міндеттемесі қосылған жағдайда ғана бұл ұсынысқа келісуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Қазіргі таңда "Бешікташ" тек жалға алу нұсқасын қарастырмайды. 

Бахтиёр Зайнутдинов 2023 жылдан бері "Бешікташ" сапында өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін ол Мәскеудің ЦСКА және "Ростов" клубтарында ойнаған. Ағымдағы маусымда ол "Бешікташ" сапында 12 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пас берді. 

Айта кетейік, "Реал Вальядолид" қазіргі таңда Ла Лиганың турнирлік кестесінде 20-орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу