Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу додасында Финляндиядан жеңісті жұлып әкетті. Хельсинкидегі кездесу 2:1 есебімен Магомед Әдиев шәкірттерінің пайдасына аяқталды. 28-минутта алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Роберт Тейлор айып добын сәтті орындап, командасын алға шығарды.
Алайда 77-минутта Бахтиёр Зайнутдинов пенальтиді сенімді орындап, есепті теңестірді. 13-ші голын соққан түркиялық "Бешикташ" командасының жартылай қорғаушысы ұлттық құраманың үздік бомбардирі Руслан Балтиевпен теңесті. Ал 90-минутта Зайнутдинов дубль жасап, Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады. Осылайша ұлттық құраманың сұрмергендері тізімінде көш бастады.
Кездесу қорытындысы бойынша ұлттық құрама H тобында 15 ұпай жинады. Енді Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеу кезеңінде екі ойыны қалды: 17 қараша өз алаңында Сан-Мариноны қабылдаса, 21 қараша күні Словениямен қонақта сынға түседі.