Байланыс бар!

Данил Тумашевич Данил Тумашевич
4538

Atameken Business – Ресей аумағында тұрақты хабар таратуды бастаған Қазақстандағы тұңғыш телеарна.

Байланыс бар!

Сәрсенбі, 2017 жылдың 3 мамырында Atameken Business телеарнасының байланыс желісі "Ямал-401" геостационарлық телекоммуникациялық жерсерікке көтерілді. Бизнес жаңалықтарын көрсететін Қазақстанның алғашқы мультимедиялық арнасы енді Ресей Федерациясының аумағында Калининградтан Владивостокқа дейін хабар таратуды бастайды. Жерсерік Ресей аумағының 95%-ын, сондай-ақ жақын және алыс шетелді: Шығыс Еуропа, Германия, Испания, Италия, Түркия, ТМД-ның барлық елдерін және Моңғолия, Қытайдың бір бөлігін, ОАР мен Жапонияны қамтиды.

Телеарнаның бас директоры Юлия Валиахметова атап өткендей, заңнамаға сәйкес, таратылатын хабар 50% қазақ тілінде және 50% орыс тілінде жүргізіледі. Ерекше бағдарлама, арнайы хабар немесе бөлек шетелдік редакция болмайды. Ресей мен өзге елдің көрермендері қазақстандықтар көрген хабарды көре алады.

Қазақстанда ресейлік арналар өте көп, бірақ осы күнге дейін ол жақта бірде- бір қазақстандық арна болмағанын атап өтті Юлия Валиахметова: "Ол жақта заңнама күрделі. Ресей нарығына бірден кіріп кету өте қиын екені түсінікті. Бізге бір жыл көлемінде онлайн-трансляция ұйымдастыруға көмек көрсеткен РФ серіктестеріміз бар. Техникалық мәселелерді шешуде солар көмектесті, қалғаны ақшаға келіп тіреледі. Осыған екі ай уақыт кетті".

90 млн адам қосылды

Atameken Business-дің аудиториясы тек Ресей Федерациясында ғана 30 млн жанұяға көбейді. Бұл Қазақстанның барлық халық санынан екі есеге көп. Атап өтейік, бір жанұяда ең кемі үш адам бар.

Юлия Валиахметова Қазақстан бизнесінің жаңалықтары Ресей тұрғындары үшін қызық болатынын атап өтті. Себебі ЕАЭО арқасында екі ел арасында экономикалық байланыс дамып, ортақ кәсіпорындар мен бизнес пайда болды. "Біз ЕАЭО құрдық.  Бізде даулы мәселелер көп, бізде Кедендік кодекс қабылданады, ауыр жүк таситын көліктер, транзит бойынша күрделі мәселелер болды. Осы тақырыптардың қай-қайсы да адамдар үшін қызық", – деді телеарнаның бас директоры.

Көршіміздің бизнес-климаты қалай?

"Нарықта ресейлік бизнесмендер үшін де, біздің кәсіпкерлер үшін де ақпарат тапшылығы сезіледі. Ресейді Қазақстан нарығының үрдістері, нормативті базасы қызықтырады. Ал қазақстандық бизнесмендер Ресей туралы дәл осындай ақпаратты білгісі келеді. Сондықтан бұл болашағы бар бағыт деп есептейміз және біз осы салада ойып орын алуға тырысамыз. Біз қарым-қатынас жасайтын бизнесмендердің көпшілігі ақпарат тапшы екенін және болжамдары тым жоғары бағаланғанын айтады. Неге? Себебі бізді ортақ тарихымыз әлді де байланыстырады. Олардың пайымының мәні мынадай: Қазақстанда қалай болса, Ресейде де солай деп ойлайды. Мысалға, мен Ресей нарығына кіргім келеді, ал оларда біздегідей. 25 жылда құқықтық база, нарық әдістері мен мехнизмдері қатты өзгерді. Осы айырмашылық көптеген коммерциялық жобаларды іске асыруда тосқауыл болады. Бизнесмендер үшін де Қазақстандағы бизнес қалай дамып жатыр, қандай кедергілер бар, құқықтық базасы қандай, нендей өзгерістер енгізіліп жатыр, осы туралы ашық, нақты ақпарат керек. Ал біздің телеарна тарататын хабардың негізгі мазмұны осыған саяды", –  деп әңгімеледі Юлия Валиахметова.

Қазақстанның сырты істер министрлігі бұл бастаманы қолдап, осы елдерге баратын отандастарымызға енді Қазақстан телеарнасын көру мүмкіндігі туғанын жеткізеді деген үмітін жасырмады телеарна басшылығы.

Данил Тумашевич, Әйгерім Сүлейменова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу