Байлық байлық емес, бірлік - байлық

1063

"Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Байлық байлық емес, бірлік - байлық

Бүгін Кербұлақ ауданының Басши ауылында кандидаттармен кездесу өтті. Оған "Nur Otan" партиясы аудандық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Борманбеков Қуаныш Жарманбекұлы, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Рысбеков Бөкен Қабиұлы, Құрышбаева Ділдаш Нариханқызы және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар – Ахметбекова Зәуре Қабижанқызы, Ілиясова Әсем Нұрмұхамбетқызы, Байсалбаева Шолпан Быжыбайқызы, Сүлейменов Сәбит Мәлікұлы, Нұрбеков Марат Мекетайұлы барып, "Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Штаб төрағасының орынбасары Қуаныш Жарманбеков кандидаттарды таныстырып, оларға кезекпен сөз берді. Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ділдаш Нариханқызы  ауданымыздағы кейінгі жылдары "Nur Otan" партиясының жеткен жетістіктерін атап, алдағы бес жылда бұл партия көптеген шаруаларды атқаруға белсене араласатынын, ауыл тұрғындарының түйінді мәселелерінің көбінің жауабы сайлауалды бағдарламада көрсетілгенін тілге тиек етіп, көкейтесті мәселелер болса, сауал қоюларын өтінді.

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Бөкен Қабиұлы ауыл жастарының, ауыл шаруашылығының, тұрғындардың мәселелеріне шолу жасап, болашаққа нық қадам жасауымыз керектігін айтты. "Nur Otan" партиясының мақсаты – автомобиль жолдарының сапасын арттыру және 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 95 пайызға дейін жеткізу үшін он ауылдың ішкі көше жолдарының 29 шақырымын орташа жөндеу, оның ішінде: 2022 жылы, Бостан, Коноваловка, Дос бекеті, 2024 жылы Тастыөзек, Күреңбел, 2025 жылы Доланалы, Ақбастау, Қарашоқы Арқарлы және Басши ауылдарында ішкі көше жолдарына асфальт төселетінін және өзге де өзекті жоспарларға тоқталды. "Байлық байлық емес, бірлік - байлық" деген бабалар сөзін алға тартып, біршама жайтты аңғартты. Ол ауыл тұрғындарын бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, "Nur Otan" партиясына бірауыздан дауыс беруге шақырды.

Бұдан соң дамудың жеті басымдығымен Зәуре Қабижанқызы, Әсем Нұрмұхамбетқызы, Марат Бекетайұлы таныстырды. Олардың бірі "Қолайлы аудан", "Экономикалық тұрақты аудан" бағыты бойынша түсіндірсе, келесісі "Әлеуметтік бағдарланған аудан", "Жастарға арналған аудан", енді бірі "Тарихы мен мәдениеті бай аудан", "Қауіпсіз аудан" бағыттары бойынша алдағы жоспарды жеткізіп, ауыл тұрғындарын аталмыш партияға дауыс беруге шақырып, өз ризашылықтарын білдірді. Көпшіліктен түскен сауалдардың жауабын беріп, ауыл тұрғындарын мазалаған мәселелердің барлығы да шешімін табатынына сендірді.

Ауылдың ақылман қариясы, зейнеткер ұстаз Жақыпбеков Ұлдахан Оразұлы кандидаттардың ауылға келіп, кездесу ұйымдастырып жатқанына алғысын білдіріп, мемлекетіміздің осындай ауызбірліктің арқасында ұйып отырғанын, әртүрлі ұлт өкілдерінің басы қосылған үлкен шаңырақ екенін, осы уақытқа дейін Тәуелсіз мемлекетіміздің шаңырағы шайқалмай, түтіні түзу шығып, алпауыт елдердің қатарына қосылып келе жатқанын қуанышпен жеткізіп,  қалауы – осы партия екенін айтып, "Nur Otan" партиясына дауыс беретінін жеткізді.

Жиын соңында аудандық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Қуаныш Жарманбекұлы "Nur Otan" партиясының осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерін атап, халықтың қамын ойлайтын бірден бір партия екенін, тату елдің түтіні түзу шығатынын айтып, "Nur Otan" партиясына бірауыздан дауыс беруге шақырды.

"Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық партия филиалының сайлау қорынан төленді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу