Ел мақтаған "Бәйтерек" кешенінен бірінші зымыран желтоқсанда ұшырылмақ

222

Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

Ел мақтаған "Бәйтерек" кешенінен бірінші зымыран желтоқсанда ұшырылмақ Фото: roscosmos.ru

Ресей "Союз-5" зымыран тасымалдағышы өндірісін "Байқоңырға" көшіруі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Үкімет "Байқоңыр" кешенін Ресей Федерациясымен де, өзге мемлекеттермен де, жеке шетелдік серіктестермен де ынтымақтаса отырып дамытуға ерекше назар аударады. Бүгінде ресейлік тарап ғарыш айлағындағы 10 ұшыру кешенінің үшеуін ғана пайдаланады, деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, ғарыш айлағының инфрақұрылымы мен кадрлық әлеуетін сақтап қалу үшін ресейліктермен бірге "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру жобасы жүзеге асырылып жатыр.

"Бәйтерек" кешенінің жерүсті ғарыш инфрақұрылымы нысандары мен "Союз-5" зымыран тасымалдағышын жасау бойынша барлық жұмыс жоспарлы тәртіппен жүргізіліп жатыр. "Бәйтерек" кешенінен "Союз-5" зымыран тасымалдағышын бірінші рет ұшыру 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Сонымен қатар, ресейлік тарап Ресей аумағынан "Байқоңыр" ғарыш айлағына "Союз-5" зымыран тасымалдағышы өндірісін көшіру мәселесін пысықтап жатыр, деді Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу