БАҚ сапында жаңа www.inbusiness.kz ақпарат агенттігі пайда болды

3302

Сайт ақпан айының ортасында толықтай "қайта жүктеуден" өтті.

БАҚ сапында жаңа www.inbusiness.kz ақпарат агенттігі пайда болды

www.inbusiness.kz ақпарат агенттігі www.abctv.kz-деген атаудан қайта тіркеліп, тәулік бойы жұмыс істеуде. 

"13 ақпан күні ресми түрде домендік атауды өзгертіп, БАҚ-ты тіркеу туралы куәлік алдық. Осылайша өзіміздің негізгі месседжімізді атап көрсетіп отырмыз. Біз – бизнес-порталмыз, біз іскери қабілетті іске қостық! Ең бірінші, редакцияның жұмысын күшейттік. Сайтта жұмыс істеген команда өз ісін кәсіби тұрғыдан меңгерген мамандар, оған қосымша авторлар тарттық. Олар біздің контентті жақсартуға үлес қосып, сайтты одан сайын тартымды ете түсті. Сонымен қатар біздің үлкен өңірлік тілшілер базамыз бар, ол жер-жердегі оқиғаларды хабарлауға мүмкіндік береді", – дейді ақпарат агенттігінің директоры Мира Халина.

Ребрендингтің мақсаты – сайт аудиториясын ұлғайту және екі негізгі бағыт – соңғы сағаттағы оқиғалардан шұғыл ақпарат беретін жаңалықтар топтасы және оқырмандарға қаржы, бизнес, экономика әлеміндегі барлық өзгерістер мен сараптамаларды білуге мүмкіндік беретін эксклюзивті жаңалықтар слайдерін жолға қою.

"Сайттың редакциялық дизайны мен қосымшасын әлі толықтырып, қолайлы және оқылатын бетті іздестіріп жатырмыз. Оқырмандарымызды жоғалтып алмау керегін жақсы білеміз, сол себепті метрик мәліметтерін зерттеудеміз. Сайт аудиториясының талғамы, қандай материалдар қызығушылық туғызады, қолданушы өзін қалай көрсетеді, не нәрсеге аса мән береді, сайтты қанша уақыт қарайды, ақпаратты қалай іздейтінінің бәрін ескеріп отырмыз. Өте үлкен жұмыс жасап, өткен жылдардың мәліметтерін сараптадық, оны қорытындылап, бүгінгі күннің талабына мән бердік. Бұл өнім үлкен команда – техникалық бөлімнің, дизайнердің, беттеушінің жұмысы. Журналистер мен шығарушы редакторлардың бұрын жұмыс істеген кестесін толық өзгерттік. Біздің міндетіміз зерттеп, оқырманның сайттан қалауын ұсыну болатын. Тап осыны жасай алдық деп ойлаймын. Алда үлкен міндеттер мен мақсаттар тұр. Сапалы және сұранысқа ие өнім жасау үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз. Алда әлі көптеген қызықты жұмыс бар!" – дейді ақпараттық агенттік директоры Мира Халина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу