Бақдәулет Ағабек күрестен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

664

Әзірбайжанның Баку қаласында күрестен U17 әлем чемпионаты жалғасуда.

Бақдәулет Ағабек күрестен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Бақдәулет Ағабек 48 келіге дейінгі салмақта топ жарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол финалда Аарьянмен (Үндістан) күш сынасты. Нәтижесінде Бақдәулет Ағабек 10:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтын медальға ие болды.

Айта кетейік, бүгін 1 тамызда Сағындық Темірғали (110 келіге дейін) қола жүлде күреседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу