Бахтияр Зайнутдинов Түркияда екінші чемпиондық атаққа қол жеткізді

319

Бақтиердің өзі Түркияда қалу туралы шешім қабылдаған.

Бахтияр Зайнутдинов Түркияда екінші чемпиондық атаққа қол жеткізді Фото: Бешикташ ФК

Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсететін "Бешикташ" Түркия Суперкубогында топ жарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жерлесіміз намысын қорғайтын клуб "Галатасарайды" ойсырата ұтты, есеп – 5:0. Өкінішке қарай, Зайнутдинов жарақатына байланысты тізімге енбей қалды. 

Мамыр айында қазақстандық ойыншы "Бешикташпен" Түркия кубогында жеңіске жеткен еді. Осыдан соң қазақстандық футболшы Ресейге оралатыны туралы сыбыс тарады. Бірақ Бақтиердің өзі Түркияда қалу туралы шешім қабылдаған.

Зайнутдинов "Бешикташ" сапындағы алғашқы маусымда барлық турнирде 37 матч өткізді. Ал, биыл Түркиядағы жаңа маусым бір аптадан соң басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу