Бақтиер Зайнутдинов жанкүйерлерін қуантты

109

Зайнутдинов залда жаттығу жасап жатқан бейнежазбасын жариялап, "біз жұмысқа кірісеміз" деген жазба қалдырған.

Бақтиер Зайнутдинов жанкүйерлерін қуантты Фото: ©instagram.com/bateka_11

Мәскеулік "Динамо" және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Instagram парақшасында жанкүйерлерге жағымды жазба жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бақтиер Зайнутдинов биылғы маусымда "Динамо" командасы сапында Ресей біріншілігі мен кубогында он ойынға қатысты. Әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түсе қойған жоқ.

Қазақстандық футболшы өткен жылдың қазан айының ортасында соңғы ойынын өткізген еді. Содан кейін жарақатынан айығуға көңіл бөліп келеді.

Қазір Ресей біріншілігі қысқы үзіліске кетті. Ол ақпан айының аяғына таман қайта жалғасады.

Айта кетсек, ол ресейлік команда құрамына өткен жылдың шілде айында қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу