Бақтияр Артаев Мырзағали Айтжановтың орнына алғашқы жаттықтырушысын ұсынды

4613

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Бақтияр Артаев Мырзағали Айтжановтың орнына алғашқы жаттықтырушысын ұсынды Фото: Жас Алаш

Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев алғашқы жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековті бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ұсынды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

14 тамызда бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметінен босатылған еді.

"Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне дәл қазіргі кезде Нұрлан Ақүрпеков лайық", - деп жазды Бақтияр Артаев Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Нұрлан Ақүрпеков – Бақтияр Артаевтың алғашқы бапкері. Ол Артаевты 11 жасынан бастап боксқа баулып, жеке жаттықтырушысы да болды.

Сондай-ақ бапкер Олжас Сәттібаев, Ғани Жайлауов, Әбілхан Аманқұл және т.б танымал боксшыларды жаттықтырған. Франция астанасы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан ерлер құрамасынан 7 боксшы қатысты. Оның ішінде тек Нұрбек Оралбай финалға өтіп, күміс жүлде еншіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу