Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогі қайтарылды

351

Астанада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп пен бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогі қайтарылды Фото: Қазақстан Бокс Федерациясы

Федерацияның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, басқосудың негізгі мақсаты – Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогын табыстау.

Вэл Баркер Кубогі – Олимпиада ойындарындағы үздік боксшыға берілетін қайталанбас жүлде. 2004 жылы Афинадағы бәсекеде чемпион атанған Бақтияр Артаев жарыстың үздік былғары қолғап шебері деп танылды.

Артаев өз кубогын бірнеше жыл бұрын халықаралық ұйымға тапсырып, осы мәселе шешімін таппаған еді.

Қазақстан бокс федерациясы әлемдік спорттағы құнды жәдігер саналатын жүлдені қайтару үшін нақты қадамдар жасады. Осылайша, Вэл Баркер Кубогы өз иесін тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу