Бақтияр Байсейітов: "Футболшылар жақсы ақша төленетінін білсе, премьер-лигаға сапалы ойыншылар келеді"

3204

Назарларыңызға "Ордабасы" клубының президенті Бақтияр Байсейітовтің сұқбатын ұсынамыз.

Бақтияр Байсейітов: "Футболшылар жақсы ақша төленетінін білсе, премьер-лигаға сапалы ойыншылар келеді"

Бақтияр Байсейітов "Ордабасы" клубының баспасөз қызметіне берген сұхатында алдағы маусым туралы, болашақ бас бапкер, бюджет, және демеушілік жайлы өз пікірін білдірді.

- Бақтияр Даниярұлы, айтыңызшы "Ордабасының" қазіргі жағдайы қандай?

- Басқа клубтармен бірдей. Қазір үзіліс. Онынан кейін не боларын көреміз. Басқа командалар тек 12, 13 немесе 14-ші қаңтардан жұмыстарын бастайды. Олар барлығына сенімді болуы керек. Футболшыларға өз жоспарларын айту қажет. Әсіресе айлық төлемі бойынша.

- Маусымға дайындықты қашан бастайсыздар?

- 14 - 15 қаңтар күндері.

- Сіздер жергілікті ойыншылармен жұмыс істейсіздер ме? Әлде қазіргі құрамға назар аударасыздар ма?

- Жиынды әрине жергілікті ойыншылармен бастаймыз және Еуропадан ойыншылар келуі қажет. Егер Түркияға барсақ, көре жатармыз.

- Сізбен келіссөздер жүргізу үшін Владимир Газзаевтың келгені және оның команданы қабылдаудан бас тартқаны туралы әңгімелер рас па? Болған жағдайды түсіндіріп бересіз бе?

- Сіз осы жағдай туралы сұрап отырған бесінші адамсыз. Ондай жағдай болған жоқ.

- Сонымен қатар клуб Вадим Евсеев және Стойчо Младеновпен келіссөздер жүргізіп жатыр деген ақпарат бар. Бұл рас па?

- Жоқ, бұл тек жай әңгіме. Менімен сөйлесіп жатқан адамдарды ешкім де білмейді. Ананы айтады, мынаны айтады, Грозный, Кумыков дейді. Жалған әңгіме көп. Егер мен біреумен келіссөз жүргізсем, айтар едім. Ал Газзаев келіп, келісімін бермеді деген жалған әңгіме.

- Бас бапкер қызметіне кімді қарастырып жатырсыз?

- Бұл әзірге құпия болып қалсын. Барлығы 20 қаңтарда белгілі болады.

- Цхададзені неліктен қалдырмадыңыз? Оны мақтаушы едіңіз.

- Мен үнемі бапкерлер жайлы жақсы пікірдемін. Оларды ешқашан ұрыспағанмын. Мейлі ол Петрушин немесе Цхададзе болсын. Бапкердің жұмысын ешкім бағаламайды. Егер команда ұтса, онда команда жеңді дейді. Ал егер ұтылса, бапкер ұтылды дейді. Мен өзім 30 жыл бас бапкер болдым. Бұл жұмысты жақсы білемін.

Өзіміздің басты матчымызды ойнаған кезімізде, мен айттым: "Кахабер Джумберұлы, "Гамлетті" оқыдың ба?" - деп. Егер біз бұл ойында жеңіске жетсек, екінші орын аламыз. Осы ойынның қандай маңызы бар екенін түсінесің бе? Егер тең ойнасақ, біз үшінші орын аламыз. Ал, егер ұтылсақ, сайыстан ұшып кетеміз. Ол маған: - "Сізді түсіндім" деді. Сондағы менің айтқаным: - "Егер мені түсінсең, біз жердің әр бір шаршы метрі үшін күресуіміз керек, алаңда соғыс болады".

- Сонда сіз оған шарт қойдыңыз ғой?

- Жоқ, мен сөзбен түсіндірдім, "Гамлетті" жайдан-жай айтқаным жоқ. Оған айтқаным, егер жағдай басқаша болса, сен еурокубок бәсекесіне түспеуің мүмкін дедім. Ол түспеді.

- Осыдайын кейін Цхададземен қоштастыңыз ба?

- Жоқ. Мен ештеңе демедім. Ол өзі кетіп қалды. Себебі келісім-шарт аяқталды. Менің жетекшілігіммен біз бес жыл бойы еурокубоктар аймағына түсіп отырдық. Ал бұл жолы кенеттен шығып қалдық. Барлығы түсінікті деп ойлаймын.

- Оның "Ордабасыдағы" жұмысына қандай баға бересіз?

- Жақсы. Керемет жұмыс жасайды. Бірақ бірнеше мәселелер бар. Ойыншылармен ортақ тіл табысатын кезде – кішкене мәселелер туындайды. Алаңда ойнайтын тек ойыншылар. Қалай болғанда да сен оларға дайындық кезінде айтқаныңды орындатуың керек. Егер футболшылар ештеңені орындамай, ұтылып жатса, сен бәрібір оларға рахмет айтуың керек.

- Еурокубок аймағына түспеуді немен байланыстырасыз?

- Білесіз бе, бұл жағдай маусым соңында орын алды. Түпкілікті қарайтын болсақ, төрешілер қателесті. "Тобыл" "Шахтерден" ұтылмауы керек еді. Бірақ қостанайлық команда жеңілді. Еуропа чемпионатында төрешілік еткен беделді үш төрешімен сөйлестім. Оларға сол жағдайды көрсеттім. Олар бір ауыздан мұны "қате шешім" деді. Олар біздің "Оқжетпесті" жеңгенімізді қаламады. Олар ол кезде есепті білмеген еді. Ал біз 2:1 есебімен жеңіп жатқанбыз. 89-шы минутта "Тобыл" қақпасына пенальти белгіленеді. Бір жағдай орын алып, Мужиковқа сары қағаз көрсетіледі. "Шахтер" соғылған пенальтиге қатты қуанды. Он бір метрлік айып добын орындаған Хубуловта ұят жоқ. Неліктен? Қараптан-қарап пенальти қойылғанда КСРО-ның даңқты ойыншылары кезінде қақпадан шетке тебер еді. Оларға мұндай жеңіс қажет емес еді.

- Сонда сіз ҚПЛ матчарында әділетсізік орын алды деп тұрсыз ба?

- Әрине. "Астана" бізбен ойнағандаы, екі пенальти берді. Жақсылап қараңыз. Осы екі эпизодта шынымен пенальти болар ма еді? Футбол Федерациясында жоғары лауазымды азаматтың өзі маған: - "Мен де күмәнданамын", - деді. Бірақ бізге пенальти берді. Ал біз "Қайраттың" айып алаңына кіріп келгенде Диакатені құлатады, пенальти жоқ. Егер екінші допты соқсақ, біз "Қайратқа" қысым көрсете бастайтынымызды олар білді. Және осындай жағдайдың тағы қанша рет болғанын білесіз бе? Диакате ойыншылармен ұрысып, боқтық сөздер айтып қойды. Сонда не болды? Қызыл қағаз көрсету керек пе?! Ресей Чемпионатында былапыт сөздер көп айтылады. Ештеңе болмайды - әрі қарай ойнауын жалғастырады. Ал бізде, Диакатеге қызыл қағаз береді. Орталық аймақта ойнайтын көшбасшы ойыншалардың бірін алып тастау керек. Алып тастады да, оларға жеңіл болды. Ең бастысы "Ордабасыны" ұтты ғой. "Шахтер" Әлем Чемпионатын жеңгендей қуанды.

- Клубтың бюджет көлемі қалай болды?

- Барлығы жақсы болса, мен сіздерге 20-шы қаңтарда барлығын жария етемін. Бұқаралық спортты көтеру керек, дамыту керек дейді. Ал бұқаралық спортта не болып жатыр? Нәтижесінде футболшылар кәсіби клубтарға өтеді. Ал ол клубтың бюджеті аз. Сонда не болмақ?

- Айтпақшы осы жайлы, кәсіби клубтардың бюджет көлемі қысқартылады деген ақпаратты қалай қабылдадыңыз?

- Футбол, әлемдегі нөмірі бірінші спорт түрі. Миллиардтаған адамдар осы спорт түрін жақсы көреді. Ал футболшылардың бағасы қанша? Неймарды 222 миллион еуроға сатып алды. Ал Месси сатылмайды деді. Оның бағасы адамды естен тандырады. Сонда не жайлы ойлануымыз керек? Қазақстанда, Өзбекстанда, Ресейде "Аякс" секілді беделді командалар құру қажет. Командалар бір деңгейде болуы шарт.

- Сонда осыны бюджеттік есептен жасау керек деп ойлайсыз ба?

- Егер футболшылар жақсы ақша төленетінін білсе, онда сапалы ойыншылар келеді. Нәтижесінде командалардың деңгейі де арта түсетін болады. Ал егер жаттығып, тиын-тебен алатын болса, Зайнутдинов секілді өзге клубтарға ұмтылатын болады. Олар өз жұмысы үшін қажетті ақшасын алуға тырысады. Ал егер олар ойнамаса не болады? Кеңес заманындағы Стрельцов, Хусаинов секілді ойыншылар мансабын маскүнемдікпен аяқтаған.

- Бір айлық жалақыны 1 миллион теңгеге дейін шектеу туралы ұсынысқа қалай қарайсыз?

- Онда футболды қоя салу керек. Мұнда ешкім келмейді, біз өз футболшыларымызбен ойнаймыз. Біз бұл клубта не істемедік. Әр клубта екі жас ойыншыдан ойнасын деген ұсыныс жасадық. Нәтижесінде қандай пайда көрдік? Әлем немесе Еуропа чемпионаттарына қашан шықтық? Неліктен ойнамаймыз? Тәжірибе жетпегендіктен, жақсы ойыншылардың болмауынан. Сонау Хорватияның үздік болу себебі неде? Олар ірі сайыстарға түседі, ал ойыншылары ірі командаларда доп тебеді. Ал бізде Зайнутдиновтан басқа кім ойнайды. Оны Еркебұлан Сейдахмет секілді көтеріп "Қазақтың Мессиі" деп атап кетті. Қайда қазір сол "Қазақтың Мессиі?". Ол жігіт жоқ. Ал қазір жаңалықтарды ашсаң, Зайнутдинов! Ия, бұл жігіт прогресс жасады. Бірақ бұл туралы айтудың қажеті қанша? Недегенмен, еліміздің үнемі Әлем және Еуропа Чемпионаттарына қатысып жатқанымыз шамалы.

- Клубта шынымен осындай ақша алған ойыншылар бар ма?

- Әрине бар. 5-6 ойыншы дәл осындай жалақы алады.

- Оны аз деп есептейсіз бе?

- Әрине. Мұны барлығы жақсы біледі. Алаңда шығып жақсы ойын көрсететін ойыншы үшін бұл өте аз. Ол ұлттық құрамаға шақырылғаннан кейін өз жанкүйерлерін, бар Қазақстанды қуанту керек. Ал егер Мадридтік "Реалға" ауысса, бүкіл әлемді қуанту керек.

- "Ордабасы" демеуші таба ала ма?

- Демеушіні табу қиын. Жұмыс істеп қол жайып шықсақ, біреу аяп, көмек беретін шығар. Егер мен миллиардер болғанымда бір командаға басшылық етер едім. Ал бізде футболды сүйіп, демеуші болып, содан рахат алатын адам жоқ.

- Алдағы маусымда команда алдына қандай мақсаттар қояды?

- Біздің мақсатымыз – соңғы бес жылдағыдай үздік үштікке ену.

- Қай позицияларды нығайтқыңыз келеді?

- Әдеттегідей, алдыңғы шепті нығайтуымыз керек, бізде ҚПЛ-дің ең үздік ойыншысы бар. Оның қасына серіктес керек. Өткен маусымда Кахабер Цхададзеге Тохтар Жаңғылышбай ұнамайтын еді. Ал 2019 жылы ол 8 гол соғып, чемпионаттағы ең әдемі голдың авторы атанды. Мен ешқашан бапкерге неліктен мына ойыншыны негізгі құрамға шығармайсың деп сұрамағанмын. Ол бапкердің ісі. Бірақ, ол белгісіз себептермен ойнамады. Шабуылшы позияциясын нығайту керекпіз. Орталық қорғаушы қажет. Осы шепте ойнайтын бірнеше ойыншымыз жарақат алған. Қақпашыларымыз жақсы. Барлығы бапкерге байланысты, ол жаттықтырып, қай шепке қандай ойыншы керектігін айтады. Жалпы біздің команда жақсы деп есептеймін.

- Командаға кімнің келуін күтеміз? Тұңғышбаев пен Нұрғалиевтің қайта оралатындары рас па?

- Оны қазір айта алмаймын.

- Командада кім қалады, кім кетеді?

- Бізде тәжірибелі ойыншылар жеткілікті. Сондықтан кімнің кететінін айта алмаймын. Жарақат алған бірнеше ойыншы кетуі мүмкін, бірақ өткен маусымдағы құрамның да қалуы ықтимал.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу