Бакудегі турнирде Талғат Сырымбетов венгриялық қарсыласын нокдаунға жіберді

998

Боксшы Талғат Сырымбетов Бакудегі халықаралық турнирді сәтті бастады.  

Бакудегі турнирде Талғат Сырымбетов венгриялық қарсыласын нокдаунға жіберді Фото: meta-ratings.kz

"Ұлы Жібек жолы" турнирінің екінші күні – 25 наурызда шаршы алаңға Қазақстан атынан үш боксшы шығатыны хабарланған болатын.

Әзірбайжан астанасы Бакуде бокстан "Ұлы жібек жолы" халықаралық бәсекесі өз жалғастығын табуда. 25 наурызда шаршы алаңға Қазақстан атынан шығуы тиіс үш боксшының бірі бағын сынап, айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 60 келі салмақ дәрежесіндегі Талғат Сырымбетов Бакудегі бәсекені тамаша бастады.

"Талғат спорттық тұрғыда шаршы алаңда қу боксшы. Кейде ринг ортасын қарсыласына әдейі беріп қойып, өзі оны айналшықтап жүріп ұруға тырысады. Венгриялық Марк Адольф Балокпен кездескен ол қарсыласын еш қиындықсыз жеңді, тіпті, қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберді. Осылайша жерлесіміз жартылай финалға жолдама алды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу