Қазақстан құрамасынан алғаш болып рингке Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Финалда оның қарсыласы үндістандық Арундхати Чаудхари болды.
Бірінші раундта қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші үшминуттықтан кейін Чаудхари есепте алға шықты. Жекпе-жектің тағдыры үшінші раундта шешілді.
Нәтижесінде, қарсыласы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бақыт Сейдіш Азия чемпионатын күміс медальмен аяқтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу