Бір жылға жетер-жетпес уақыт ел астанасын басқарған Бақыт Сұлтанов жаңадан құрылған сауда және интеграция министрлігінің тізгінін ұстады.
Ол 1971 жылы Алматы қаласында туған. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, қаржы министрі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметтерін атқарды.
Сауда және интеграция министрлігі – жаңадан құрылған ведомства.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып Алтай Көлгінов тағайындалған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу