Бала тууға байланысты тағайындалатын жәрдемақыны Kaspi.kz суперқосымшасында онлайн рәсімдеуге болады

2406

Kaspi.kz сүйікті клиенттері үшін жаңа қызметті іске қосты. 

Бала тууға байланысты тағайындалатын жәрдемақыны Kaspi.kz суперқосымшасында онлайн рәсімдеуге болады

Енді тікелей Kaspi.kz суперқосымшасында бала тууға байланысты жәрдемақы немесе бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алуға өтініш бере аласыз.

Бұрын ата-аналар жәрдемақы немесе әлеуметтік төлем тағайындау үшін құжаттармен ХҚО-на баруы керек болатын. Енді қосымшада өтінім беру жеткілікті, ал тіркеудің барлық рәсімдері онлайн өтеді. Қызмет ақысыз көрсетіледі.

Сервисті Kaspi.kz командасы Еңбек министрлігі және Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп әзірледі.

Kaspi.kz-тің басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе былай дейді:

"Баланың дүниеге келуі - керемет оқиға! Арнайы ата-аналар үшін біздің команда мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Kaspi.kz суперқосымшасында бала туғанда жәрдемақы алудың онлайн қызметін жасады. Енді біздің сүйікті клиенттеріміз үйден шықпай-ақ жәрдемақыны рәсімдеп, үнемделген уақытты нәрестеге күтіміне арнай алады!".

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаментінің директоры Анар Төлеубаева:

"Баланың тууына және күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау" және "Бала бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызметі -ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сұранысқа ие қызметтерінің бірі.

Көрсеткіштерді салыстыратын болсақ, ағымдағы жылдың 9 айында бала тууға байланысты жәрдемақы тағайындау бойынша көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтердің саны қазірдің өзінде 300 мыңнан асты, бұл 2020 жылдың көрсеткіштерінен көп. Бұл факт тұрғындардың электронды мемлекеттік қызметтерге деген сенімінің артқанын көрсетеді.

Бала тууға байланысты жәрдемақы тағайындау бойынша екінші деңгейлі банктермен пилоттық жобаны іске қосу болашақта оң динамика көрсетеді деп үміттенеміз".

Жәрдемақыны есептеу үшін Kaspi.kz клиенттің атына арнайы Әлеуметтік шот ашады. Бұл шотты, мысалы, салық төлемегені немесе несие бойынша берешек үшін бұғаттауға болмайды.

Әлеуметтік шоттан сіз Kaspi Gold картасына ақша аударып, Kaspi.kz -тің сатып алу, аударым және төлем жасау сынды барлық пайдалы қызметтерін қолдана аласыз. Сондай-ақ Kaspi банкоматтарында QR коды арқылы Әлеуметтік шоттан тікелей қолма -қол ақша ала аласыз.

Kaspi.kz-те әлеуметтік шот бойынша барлық қызмет комиссиясыз.


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу