"Мен ақпараттық науқанды өте белсенді өтті деп сипаттаймын. Өйткені атом электр станциясының жақтаушылары да, қарсыластары да бұл мәселеге қызығушылық танытып, өз ұстанымдарын түсіндіріп, дәлелдеді. Бәрі ашық түрде жүріп жатыр. Қазақстанда ашық қоғам құрылғанын көріп отырмыз, онда әркім пікірі мен көзқарасын білдіре алады", – деді ол.
Сондай-ақ, референдум Президент бастамашылық еткен реформалардың арқасында болып жатқан елдегі үлкен өзгерістердің жарқын айғағы екенін атап өтті.
"Бүгінгі референдум – бұл біздің еліміздегі Мемлекет басшысының реформаларымен тікелей байланысты үлкен әрі түбегейлі өзгерістердің дәлелі", – деп толықтырды ол.