Балаларға қазақша контент жасаушыларды үздіксіз қолдауымыз керек

589

Осы саладағы жас мамандарды қаржылай көмек мәселесі алаңдатады. 

 Балаларға қазақша контент жасаушыларды үздіксіз қолдауымыз керек Фото: senate.parlam.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев балаларға қазақ тілінде контент жасап жүрген мамандарды қолдауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.   

"Әріптестерімізбен бірге үлкен бір форумға қатысып келдік. Қазақ тілінде контент жасайтын креативті индустрия өкілдерінің жақсы жиыны өтті. Онда да қазақ тілінде балаларға контент жасап жүрген мамандар біраз мәселені көтерді. Бәрі қаржылық көмек мәселесін айтып жатыр. Маркетинг мәселелері де тілге тиек болды. Сондай-ақ, жалпы ақпараттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы туралы да мәселелер көтеріп жатыр. "Масс-медиа туралы" заңды депутаттар қабылдап жатса, соның аясында балаларға қазақ тілінде контент жасап жүрген мамандарды, орталықтарды қолдауымыз керек. Жас мамандар өсіп келе жатыр. Кеше біз оларды да барып көрдік, ойларына риза болдық, ұсыныстары қандай тамаша", - деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Жалпы мемлекет тарапынан осындай компанияларға жүйелі түрде көмек беруіміз керек, деп жалғастырды ол.

"Грант күйінде болсын, басқа формаларда болсын, Нұртөре Байтілесұлы (ред. – сенатор Нұртөре Жүсіп), әріптестеріңізбен бірге осы мәселені бақылауға алып, министрлікпен жас таланттарды қолдау бағытында жұмыс істеп, өзіміздің үлесімізді қосуымыз керек", - деді Сенат спикері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу