Балаларға Ұлттық қордан алғашқы 100 доллар түсті

9205

Қанша қаражат түскенін kids.enpf.kz сайтына кіріп тексеруге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Балаларға Ұлттық қордан алғашқы 100 доллар түсті Фото: canva.com

Әр балаға – 100,52 доллардан.

Еске сала кетейік, 2024 жылдан бастап Ұлттық қорға түсетін инвестициялық табыстың тең жартысы жыл сайын балалардың шотына аударылып, доллармен сақталады. Ал төленетін кезде сол күнгі курспен теңгеге аударылады.

Бала 18 жасқа толғаннан кейін жинақты екі мақсатқа – баспана сатып алуға немесе оқу ақысын төлеуге жұмсай алады.

Бұл ақшаны мерзімінен бұрын алуға болмайды. Ұлттық қордан берілетін қаражатқа салық салынбайды.

Бағдарламаға қатысу үшін балаларға есепшот ашу талап етілмейді.

Ата-аналар балаларының құжаттарын тасып, мемлекеттік органдардың табалдырығын да тоздырмайды. Себебі арнайы шот автоматты түрде ашылады.

Бар болғаны электронды үкімет порталында балаларының ЖСН деректерінің бар болуына көз жеткізіп, оның дұрыс-бұрыстығын тексерген абзал. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу