Баласы үшін анасы 1,5 жылға сотталды

4577

Қазақстан тарихында кәмелет жасқа толмаған баласына көлік айдауға жол берген ата-анаға қатысты мұндай жаза алғаш рет қолданылды.   

Баласы үшін анасы 1,5 жылға сотталды

14 жастағы жасөспірімнің 2018 жылы 28 желтоқсанда Саида Абдулланы көлікпен қағып, артынша өлімге әкелгені есіңізде ме? Қызылорда қаласының №2 соты ҚР ҚК 349-бабының 3-бөлімінде қарастырылған, яғни көлік айдауға құқы жоқ туған баласына көлік құралының рөліне отырғызғаны үшін Т. есімді азаматша кінәлі болып табылды. Ол сот залында қамауға алынып, сот сол әйелге бір жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл бапқа, сәйкес ең үлкен жаза – 3 жылға бас бостандығынан айыру.

Сондай-ақ, сот әйелді 2 жылға көлік айдау құқығынан айырып, оған қосымша жаза тағайындады. Бұдан басқа, моральдық шығын келтіргені үшін әйелден 1 000 000 теңге өндіріп алынады. Қазақстан тарихында кәмелет жасқа толмаған баласына көлік айдауға жол берген ата-анаға қатысты мұндай жаза әлі тағайындалып көрмеген. Бұл  – Қазақстан тарихында алғашқы жаза. Біздер үлгі боларлық жағдай жасадық. Қазақстанда жауапкершілігі төмен ата-аналарға қатысты істер бойынша жаңа сот тәжірибесі басталуда.   

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу