Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы 2027 жылы басталатын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, АЭС-ті толық іске қосу 2030 жылдың орта тұсына жоспарланып отыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, станция кезең-кезеңімен пайдалануға берілмек: әуелі бір блок, кейін екіншісі іске қосылады. Екі блоктың арасы шамамен 8-10 ай болады деген жоспар бар. 2030 жылдардың ортасына қарай жобаны толық аяқталады.
Шыңғыс Ілиясовтың сөзінше, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапары кезінде елдегі алғашқы АЭС-ті салуға қатысты екі үкіметаралық келісімге қол қойылуы мүмкін.
Бұл құжаттар АЭС құрылысына және жобаның қаржылық тетіктеріне қатысты болмақ.