Балқаш көлінде су көлемі 2030 жылға қарай қаншалықты азаюы мүмкін

1954

Әртүрлі сценарийді онлайн басқосуда География және су қауіпсіздігі институты басшысының орынбасары Саят Әлімқұлов жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы. 

Балқаш көлінде су көлемі 2030 жылға қарай қаншалықты азаюы мүмкін

"Балқаш көліндегі су ресурсы Қытайда да, біздің елде де суды пайдалануға байланысты азайған. Мәселен, ашық деректердегі мәліметтерге сүйенсек, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан кейін Қытай аумағында суармалы жерлердегі аумағы 5-6 есе өскен. Қытайдағы халық санының да кейінгі жылдары өсіп келе жатқанын атап өтуге болады. Яғни ол елдегі суға деген экономикалық қажеттілік жыл санап артып келеді", –  деді ол ғалымдардың қатысуымен өткен жиында.

Саят Әлімқұловтың айтуынша, кейінші онжылдықтарда шаруашылық мақсаттағы жұмыстарға байланысты судың ағып келу деңгейі төмендеген. Тоқсаныншы жылдардан кейін Қазақстанның да суды пайдалану көлемі азайған.

"Балқаш көлінің болашағы туралы әртүрлі болжам айтылып жүр. Біз жүргізген зерттеуге сәйкес, Қытай тарапының суды қазіргі деңгейде пайдалану қарқыны сақталса, яғни бірінші сценарий бойынша судың ағып келу қарқыны 12,3 текше шақырым, ал су ресурстарын интенсивті пайдалану жағдайында 10 текше шақырымға дейін азаяды. Біздің аумақта тиісінше 12,6:11 текше шақырым деңгейінде азаяды. Яғни 2030 жылға қарай тиісті нормадан 3 текше шақырым аз болады. Дәл осындай болжамды 40-50 жылдық болашаққа да арнауға болады",  – деді ол.

Айта кетсек Балқаш көлемі бойынша әлемде 14 ірі көлдің біріне жатады. Оған Ілемен бірге Қаратал, Ақсу, Лепсі, Бақанас өзендері және жерасты суы құяды.

Бұған дейін inbusiness.kz порталының тілшісі Есімжан Нақтыбай Балқаш көлі мен Іле өзенінің проблемасын жазған болатын.

Аян Бекенұлы
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу