Балуан Майис Алиев Азия чемпионында алтын медаль жеңіп алды

103

Ұлттық құрама еншісінде 16 медаль бар. 

Балуан Майис Алиев Азия чемпионында алтын медаль жеңіп алды Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы күрестен Въетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы төрт медаль еншіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кезекті жарыс күнінде еркін және әйелдер күресінің балуандары бозкілемге шықты.

Майис Алиев (70 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды.

Ал Еламан Амангелді (57 келіге дейін), Алтын Шағаева (57 келіге дейін), Тыныс Дүбек (62 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. 

Осылайша, ұлттық құрама еншісінде 16 медаль бар. Оның төртеуі алтын, сегізі күміс және төртеуі қола жүлде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу