Балуандарымыз Үндістанда қазақ күресінен 3 алтын еншіледі

355

Жарысқа 20-дан астам елден келген 200-ге жуық спортшы қатысып, 16 салмақ дәрежесінде бақ сынауда.

Балуандарымыз Үндістанда қазақ күресінен 3 алтын еншіледі Фото: Қазақстан күрес федерациясы

Делиде қазақ күресінен ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Мейіржан Берекетов 60 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Финалдық белдесуде ол грузин спортшысын айқын басымдықпен ұтты.

Естеріңізге  сала кетейік, Мейіржан 2024 жылы қыркүйек айында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында да жеңімпаз атанған. Сондай-ақ, ол 2024 жылы Ақтауда өткен қазақ күресінен ел чемпионатында топ жарды. 

Нұр Аманшүкіров қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы атанды. 66 келіде күрескен отандасымыз финалда Грузия елінің палуанын жеңді.

Жұмажан Қожамбеков қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпион атанды. Үндістандағы әлем біріншілігінде отандасымыз 74 келі салмақта күресті. Финалдық белдесуде қазақстандық спортшы Тәжікстан палуанын жеңіп, алтын медальға ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу