Балуандарымыз Загребтегі әлем чемпионатында қос қола медаль еншіледі

120

Алдағы күндері әлем чемпионатында ұлттық құраманың көшбасшылары боз кілемге шығады. 

Балуандарымыз Загребтегі әлем чемпионатында қос қола медаль еншіледі

13–16 қыркүйек аралығында Хорватия астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы еркін күрестен Әлем чемпионатында 61 келі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз Асылжан Есенгелді қола медаль жеңіп алды. Ол қола медаль үшін өткен белдесуде америкалық Джаксен Патрик Форресті 10-8 есебімен жеңді.                                 

Сондай-ақ Еркін күрестен ересектер арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының намысын 70 келі салмақ дәрежесінде қорғаған Нұрқожа Қайпанов қола медаль жеңіп алды. Ол кіші финалда Василь Диаконнан (Молдова) басым түсті.
Еске сала кетейік, Нұрқожа үшін бұл ересектер арасындағы әлем чемпионатының үшінші медалі. Ол алғаш рет 2019 жылы елімізде күміс жүлде алса, былтыр Тирана қаласында алтыннан алқа таққан.

Айта кетейік, тағы бір балуанымыз Камиль Куруглиев жұбаныш белдесуінде қола жүлдеге таласатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу