Банк картасымен жасалған төлем құны 777,2 млрд теңгені құрады

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
18554

Қазақстанда төлем карталарына 10,4 мың банкомат, 141,4 мың POS-терминал қызмет көрсетеді. 

Банк картасымен жасалған төлем құны 777,2 млрд теңгені құрады

Елімізде қол ақшасыз есеп айырысу жыл өткен сайын қанат жайып келеді.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының дерегінше, наурыз айында ел аумағында банк картасымен жасалған төлем құны 777,2 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,9% көп көрсеткіш.

"Алматы пластикалық картамен транзакция жасауда көш бастап, 106,3 млрд теңге айналдырды. Ал қол ақшасыз төлем жасаудың орташа сомасы ел бойынша наурыз айында ақпандағы 10 239 теңгеден 9 809 теңгеге азайды. Картамен төленген төлемнің 60%-ы интернет саудаға жұмсалса, 38%-ы POS-терминал арқылы жөнелтілген", – деп мәлімдеді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ресми ресурсы.

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда төлем карталарына 10,4 мың банкомат, 141,4 мың POS-терминал қызмет көрсетеді. Мұның сыртында төлем карталарын қабылдайтын 85,6 мың нүкте жұмыс істейді.  

1 сәуірдегі жағдай бойынша қазір ел аумағында 22 банк пен "Қазпочта" АҚ төлем карточкаларын шығарады. Бүгінгі таңда эмиссияланған және таратылған 24,4 млн төлем картасы бар. Дәл қазір 21,2 млн төлем картасы белсенді қолданыста. Оның ішінде дебеттік карта 75,6%, кредиттік карта 20,8%-ды құрайды.

"Біздің елде VISA International, MasterCard Worldwide, UnionPay International, American Express International, Diners Club International сынды халықаралық жүйелердің төлем карталары қолданылады", – деп мәлімдеді қауымдастықтың сайты.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу