Банк секторы клиенттерін жоғалтып жатыр

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
4835

Несие рәсімдеу көрсеткіші 0,8%-ға қысқарды.

Банк секторы клиенттерін жоғалтып жатыр

Биылғы жылдың алғашқы алты айында екінші деңгейлі банктердің қаржылық жағдайы жақсы болған жоқ. Шілдедегі дерек бойынша, депозиттегі барлық жинақтың сомасы 16,65 трлн теңгені ғана құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға кем көрсеткіш.

Екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымы 2,5%-ға өсіп, 8,69  трлн теңгеге жеткенімен, заңды тұлғалардың жинағы 5,2%-ға азайып, 7,96 трлн теңгеге төмендеді. Ал жеке және заңды тұлғалардың несие рәсімдеу көрсеткіші 0,8%-ға қысқарды.

Елімізде 8 банктің ғана қарыз беру көрсеткіші жақсарды. Қалғандары нәтижелерін еселей алмады. Атап көрсететін болсақ, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" несие рәсімдеу көрсеткішін 22,5%-ға ұлғайтып, ел азаматтарына 821,2 млрд теңге ұсынды. 1 тамыздағы дерек бойынша, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі" жеке жинақ сомасы

697,3 млрд теңгеге жетті.Аталмыш банктің депозитіндегі жеке жинақ сомасы есептік кезеңде 15,6%-ға өсіп, 767,9 млрд теңгені құрады.

Bank RBK бұған дейінгі көрсеткішін 22,3%-ға арттырып, қарыз алушыларға 328,5 млрд теңге үлестірді. "Сбербанк" халықты несиелендіруге 1,38 трлн теңге жұмсады.

Еurasian Bank несие рәсімдеу көрсеткішін 3,8%, Jýsan Bank 43%-ға құлдыратып алды. Ал Kaspi Bank-тің депозиттегі жеке жинақ сомасы 14,2%, ForteBank-тің депозиттегі қаржысы 9,5%-ға ұлғайды.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу