Банк ВТБ (Қазақстан) ШОБ қолдауға бөлінген қаражаттарды игерді, бірақ бизнеске көмектесуді жалғастыруда

11834

Банк ВТБ (Қазақстан) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-мен COVID-19 пандемиясынан жапа шеккен кәсіпкерлерді қолдау үшін бөлінген қаражаттарды мерзімінен бұрын игерді.  

Банк ВТБ (Қазақстан) ШОБ қолдауға бөлінген қаражаттарды игерді, бірақ бизнеске көмектесуді жалғастыруда

Мемлекеттік бағдарламаның шарттарына сәйкес, ВТБ шағын және орта бизнесті жеңілдіктік кредиттеуге жылдық 8% мөлшерлемесімен 9 млрд теңге лимит алды. Банктің кейбір клиенттері жеңілдіктік қарыздарды өтей бастағандықтан, банк бұл қайтарылатын қаражаттарды бағдарламаның іске асырылуына қайта бағыттай алды және 23 клиентке қолдау көрсете отырып, қаржыландырудың көлемін 10,1 млрд теңгеге дейін арттыра алды.

Жеңілдіктік кредиттеу бағдарламасының арқасында көтерме сауда, құрылыс материалдарының өндірісі және сатылымы, азық-түліктік емес тауарларды қоймалау және сақтау, автокөліктің бөлшек саудасы және басқа да салалардағы кәсіпкерлер қолдауға ие болды.

- Біздің банк елдегі кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бағытталған 17 мемлекеттік бағдарламаның аясында жұмыс істейді. Біз мемлекеттің мұндай бастамаларына қатысуға әрқашан да дайынбыз. Әрине, пандемия кезінде, ТЖ режимі мен карантиндік шектеулерді енгізу аралығында біз бизнеске қаржылық көмек көрсету бойынша атқаралатын жұмысқа жедел түрде қосылдық, – деп Банк ВТБ (Қазақстан) басқармасының төрағасы Дмитрий Забелло атап өтті. – Біз жеңілдіктік қаржыландырудың ШОБ-ге қалыптасқан жағдай кезінде шыдауға көмектесетін шынайы шара екендігін байқаудамыз. Сондықтан, біз бір мемлекеттік бағдарламаның қаражатын игерген соң да басқа бағдарламалардың аясында бизнесті ең тиімді шарттармен белсенді түрде қаржыландыруды жалғастырамыз.  

Банк "Бизнестің жол картасы – 2025" аясында кәсіпкерлерді қолдауды жалғастыруда: ВТБ бұл бағдарлама арқылы 59 млрд теңге сомасына 525 жобаны субсидиялады, сондай-ақ, банк 1 948 млн теңге сомасына кепілдендіруге қатысты 190-нан астам жобаны құптады. Осы жылы "Бизнестің жол картасына" өзгерістер енгізілді, ол клиенттерге қаражатты жеңілдіктік шарттармен алу мүмкіндігін айтарлықтай жеңілдетті.

Шағын және орта бизнес – бұл ел экономикасының даму негізі және халық үшін жұмыс орындары, демек әлеуметтік тұрақтылық. Банк осындай күрделі кезеңде аталған кластерді қолдау үшін қолда бар барлық құралдарды қолдануда.

Жеңілдіктік кредит алуға қатысты сұрақтар бойынша ШОБ клиенттеріне арналған электрондық пошталық жәшікке SMB_VTB@vtb-bank.kz жүгінуге болады. Сондай-ақ, банктік қызмет көрсету мәселелері бойынша толық ақпаратты 8 (727) 330 47 00 жедел байланыс телефоны арқылы алуға болады немесе сайтта танысуға болады.

Анықтама:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 10 жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. S&P Global Ratings деректері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында ең жоғары кредиттік рейтингке ие болып отыр. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 03.02.2020 ж. № 1.2.14/39 Банктік және  өзге операцияларды жүргізуге және құнды қағаздар нарығындағы қызметке лицензияны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген. 


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу