"Банкрот болмас үшін": Трамп АҚШ-тың қарыз алуына шектеу қоймауды ұсынды

262

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион долларға жетті.

"Банкрот болмас үшін": Трамп АҚШ-тың қарыз алуына шектеу қоймауды ұсынды Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

Ақ үй басшысы 40 триллион доллардан асқан мемлекеттік қарыз мәселесін шешпесе банкротқа ұшырайтынын айтып, қарыз алу шегін алып тастауды ұсынды.

Бұл туралы АҚШ Президенті Дональд Трамп Fox News телеарнасының эфирінде мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Америка көшбасшысының айтуынша, қарыз алу шегіне қатысты қазіргі жағдай сақтала берсе, елді бұрын-соңды болмаған дефолт күтіп тұр.

"Егер біз мемлекеттік қарыздың шекті мөлшері мәселесін шешпесек және бәрін бұрынғы күйінде қалдырсақ, ел банкротқа ұшырайды. Бұған дейін мұндай жағдай ешқашан болған емес", – деді Дональд Трамп.

Президент аталған мәселеде демократ сенатор Элизабет Уорреннің бұрыннан келе жатқан идеясын қолдады. Сенатор бұған дейін мемлекеттік қарыз шегін "жасанды қауіп" және саяси қысым жасау құралы деп атаған. Трамп соншалықты қауіпті тетік жекелеген саясаткерлердің қолында болмауы керек деген пікірмен келісті.

Биыл тамызда АҚШ-тың мемлекеттік қарызы алғаш рет 40 триллион доллардан асып, тарихи рекорд орнатты. The New York Times басылымының жазуынша, қазіргі қарыз алу шегі 41,1 триллион долларға жетті. Бұл көрсеткішке 2027 жылдың ақпан немесе наурыз айында жетіп, одан асып кетуі мүмкін.

Мұндай жағдайда АҚШ Қаржы министрлігі төтенше шараларды қолдану арқылы мемлекеттік міндеттемелерді уақытша орындауды жалғастыра алады. Алайда жағдай қолайсыз өрбісе, ел тамыз айында дефолт қаупіне тап болуы ықтимал.

Мемлекеттік қарыздың жоғарғы шегін көтеру жаңа шығындарды бекіту дегенді білдірмейді. Бұл бұрын қабылданған міндеттемелерді, соның ішінде зейнетақы төлемдерін, әскери қызметшілердің жалақысын және мемлекеттік қарыз бойынша пайыздарды төлеуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу