Банктер сауда саласын белсенді несиелендіре бастады

11499

2016 жылдың қаңтар-мамыр айында берілген несие 2015 жылы берілген несиеден 30%-ға артық болды.

Банктер сауда саласын белсенді несиелендіре бастады

finprom.kz сараптамалық порталының шолуында көрсетілгендей, биылғы мамыр айының қорытындысы бойынша, сауда кәсіпорындарына берілген несиелер көлемі 2,6 трлн теңгені құраған, ал бұл өткен жылғы несиелер көлемінен 13%-ға артық. Салалық қарыз қоржынының деңгейі биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша қолжеткен рекордтық 2,7 трлн теңгеге жақындады.

Осының шеңберінде банктердің жалпы қарыз қоржынындағы сауданың үлесі бір жылда 19%-дан 21%-ға өскен. Саланы несиелендірудің өсуі қарыз қоржыны қысқарған жылдан кейін 2011 жылдың басынан 2014 жылдың соңына дейінгі арада болды да, қарыз қоржыны 1,5 трлн теңгеден 2,4 трлн теңгеге дейін өсті. Алайда, 2015 жылы шамамен жарты жыл ішінде қарыз қоржынының көлемі 88%-ға, яғни 2,1 трлн. теңгеге дейін азайды.



Айта кетерлігі, ішкі саудадағы белсенділік артса да, өсу қарқыны екінші жыл қатарынан төмен болып отыр. Әсіресе, бұл көтерме сауда сегменті бойынша көрінуде. 2010 жылдан 2014 жыл бойынша көтерме саудагерлермен тауарларды сату көлемінің жыл сайынғы өсуі орта есеппен 20%-ды құрады. Бірақ, 2015 жылы бұл деңгей 4%-ға дейін төмендеген, ал 2016 жылдың қаңтар-мамыр айында былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі нәтижемен салыстырғанда небәрі 7%-ды құрады. 

Бөлшек сауда сегментіндегі сауда неғұрлым белсенді жүруде, бұл жерде ағымдағы жылдың бес айы ішінде халыққа сатылған тауар 2015 жылдың қаңтар-мамыр айына қарағанда 20%-ға артық болды. Сондай-ақ, былтырғы жылы бөлшектік сауда да тоқырау байқалды,қалыпты қарқын барысында 20%-ды құрап, жылдық өсу деңгейі небәрі  7% болды.

Сауда саласындағы қарыз қоржынының артуы банктермен несиелік ресурстарды беруді жандандыруды қолдау барысында қалыптасады. 2015 жылы банктер сауда кәсіпорындарына 1,2 трлн теңге көлемінде қарыз берген немесе 2014 жылға қарағанда 4%-ға аз берген деуге болады. Ағымдағы жылы жаңа несие беру қарқыны айтарлықтай артты, бес айдың өзінде салаға берілген жаңа несиелердің көлемі 1,6 трлн теңгені құраған. Бұл 2015 жылы берілген сомадан 30%-ға артық.

Әсіресе, банктер сауда саласын биылғы ақпан-сәуір айларында белсенді несиелендіре бастады. 2016 жылдың мамыр айында саланы несиелендіру қысқарды, әйтсе де оның деңгейі  2015 жылдың мамыр айымен немесе 2014 жылмен салыстырғанда жоғары болып отыр. 

Қазақстандағы сауданы несиелендірудің негізі болатын бұл қаржы, салаға берілген жаңа несиенің жалпы көлемінің 60-90%-ын құрайды. Биыл берілген несиелердің жалпы көлемі іс жүзінде бір-ақ жыл мерзімге берілген қарыз немесе жалпы несеинің 92%-ы. 2015 жылдың қаңтар-мамыр айларында берілген несиемен салыстырғанда биылғы қысқа мерзімді ақша қарқыны 34%-ды құрады.

Ұзақ мерзімді несиелендіру сауда саласында аз сұранысқа ие. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айында мұндай қарыздар 130 млрд теңгеге берілді немесе бір жыл бұрынғы берілген қарызға қарағанда 3%-ға аз. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айында ұзақ мерзімді несиелерді беру көлемі – бұл соңғы алты жылдың осындай кезеңінің қорытындысы бойынша шамалы ғана беру болып саналады.

Салалық қарыз қоржынының сапасындағы жағдай экономиканың басқа саласындағы жағдайлар сияқты болып отыр. 2015 жылдың басынан қоржын сапасының айтарлықтай жақсаруы байқалды, мерзімі кешіктірілген несиелердің үлесі 2015 жылдың желтоқсанында салаға ұсынылған барлық несиелердің көлемінен 7,9%-ға жетті. Алайда, жылдың басынан бастап мерзімі кешіктірілген несиелердің өсуі қайтадан басталды да, 2016 жылдың мамыр айының соңына қарай жұмыс істемейтін несиелердің үлесі 11%-ға дейін өсті.

2016 жылдың бес айында саладағы ұзақ мерзімді несиелер бойынша мерзімі кешіктірілген несиелердің үлесі 7%-дан 9%-ға дейін, ал қысқа мерзімді несиелер бойынша 11%-дан 14%-ға дейін өсті.

Саян Абаев 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу