"Бапкер Бахтиерді ұнатпайды": Түркиядағы Зайнутдиновтің жағдайы белгілі болды

662

Түркияның "Бешикташ" клубы туралы жазатын журналист Серджан Дикме Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов туралы айтып берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бапкер Бахтиерді ұнатпайды": Түркиядағы Зайнутдиновтің жағдайы белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Ол маусым басталғалы ешбір ойынға қатысқан жоқ. Тіпті, жаздағы оқу-жаттығу жиындары кезіндегі жолдастық кездесулерге де қатыспаған.

"Клуб бапкері Бахтиерді ұнатпайды. Сондықтан алаңға шықпайды. Алайда, футболшы Түркияда қалғысы келеді. "Бешикташтан" өзінің кеткісі жоқ. Бірақ Зайнутдиновке бапкер көп мүмкіндік береді деп ойламаймын. Ол негізінен қосалқы құрамда отырады", – дейді Дикме.

Айта кетейік, "Бешикташ" клубын нидерландық Джованни ван Бронкхорст баптайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу