Магомед Адиев "Атырау" бас бапкері атануы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Атырау" клубы бапкер Магомед Адиевпен келіссөздер жүргізіп жатыр. Жақын арада клуб жаңа бапкерін таныстырып қалуы мүмкін", – деп жазды Нұрсұлтан Құрман.
Айта кетейік, Атыраулық команда биылғы біріншілікті сәтсіз бастады. 4 турдан соң "Атырау" 3 ұпай еншілеп, ҚПЛ турнирлік кестесінде 10-орында келеді. Команда еншісінде бір жеңіс және үш жеңіліс бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу