Бапкер ретінде жетістікке жетпеген

1948

"Спорт-Экспресс" басылымының сарапшысы Михаил Зислис  Юрий Михайлистің "Барыстың" жаңа бапкері болып тағайындалуына қатысты өз пікірін білдірді.

 Бапкер ретінде жетістікке жетпеген

"Бас бапкерлікке Юрий Михайлистің тағайындалуы мені таң қалдырған жоқ. Бапкердің тағайындалуына дейін басылым беттерінде түрлі фамилиялар жарияланып, мұның барлығы сырт көзге күмәнді болып көрінді. Менің ойымша шет елдік мамандар келісімге келе алмайтындай тым көп ақша немесе шектен тыс шарт қойған жоқ. Соған қарағанда, шамасы "Барыс" үнемдеуге кірісіп, Михайлиспен клуб бұрыннан бері бір келісімге келген сияқты. Мүмкін олар бұдан да жақсы бапкерді тапқылары келген болар. Алайда мен мұның барлығына күмәнмен қараймын. Тіпті күлкілі көрінеді десем де болады.

Өкінішке орай мен Михайлистің қандай бапкер екенін жақсы білмеймін. Себебі Қазақстан хоккейіне терең үңілген емеспін. Бірақ ұзақ уақыт бойы жұмыс атқарып, осындай жоғарғы лауазымға алғаш рет ие болғандықтан, меніңше ол С немесе D нұсқасы болар. Бұл әлдеқашан шешілген мәселе деп ойлаймын. Қалай болғанда да клуб ақша үнемдеуді көздеп отырған сияқты. Михайлис Қазақстан хоккейінде бұрыннан бері қызмет атқарғанымен, оның баласын есептемегенде, бапкер ретінде жеткен жетістігі туралы естіген емеспіз, - дейді сарапшы жағдайға баға бере отырып.   

Естеріңізге сала кетсек, таяуда Юрий Михайлис "Барыстың" жаңа бапкері болып тағайындалды. Жаттықтырушы мен елордалық клуб арасындағы келісім-шарт бір жылға жасалды. Сонымен қатар бапкердің ұлы шабуылшы Никита Михайлис те 19 мамыр күні "Барыспен" арадағы келісім-шартты ұзартқан болатын. Михайлистің жаңа қызметке келуі қазіргі таңда қызу талқыға түсуде.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу