banner

Бапкер тағайындау, команда ауыстыру, жемқорлыққа жол беру

2570

2019 жылдың соңғы күні Қазақ футболында қандай оқиғалар орын алды? Шолып өтейік. 

Бапкер тағайындау, команда ауыстыру, жемқорлыққа жол беру

Әңгіменің әлқиссасын ел чемпионы "Астана" командасынан бастасақ. Украинаның "Сегодния" деген баспасы Роман Григорчук қызметінен кететін болыпты деп сенімді түрде ақпарат таратты. "Р.Григорчук "Астананы" чемпион қылып, "Манчестер Юнайтедті" жеңсе де, басшылық тарапы оның орнына бапкер іздеп жатыр екен. Демек, жақын арада Григорчук өзіне жаңа команда іздейді" деп жазыпты газет ұжымы.

"Қайрат" ойыншысы Исламбек Қуат 31-қаңтар күні ресми түрде келісім-шарты аяқталғаннан кейін ресейдің "Орынбор" командасымен келісімге келіпті. 31-қаңтардан бастап бұл ақпарат нақтыланып, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ресей премьер-лигасының аутсайдер командасына ауысады. 

"Тобыл" командасы "Шахтердің" негізгі қақпашысы Игорь Щацкиймен келісімге келді. Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы "Шахтерден" аяқ асты кетуінің себебін түсіндірмеді. Ол өзі Теміртау қаласының тумасы болып, қарағандылық команданың сапында көп жылдар бойы еңбек етті. Шамасы Игорь жаңа басшылықпен келіспей қалса керек. 

"Оқжетпес" командасы бас бапкер Андрей Карповичпен келісімді тағы бір жылға ұзартты. Қазақстандық жас маманның қызметі клуб басшылығының көңілінен шықты. Команда ойыны да осал емес. "Оқжетпес" шабуылшысы Таңат Нөсербаевтың әкесі өмірден озып, тура 31-қаңтар күні қайғыға душар болды. Командада одан өзге әзірге еш жаңалық жоқ. 

Павлодардың "Ертісі" Грузия чемпионатының сұрмергені Левон Куталиямен шарт жасасты. Адуынды шабуылшы келер маусымды керекулік командада өткізеді. Ал жамбылдың "Тараз" командасы қазір басшылықты өзгертіп жатыр. Клуб директоры болған Қанат Мұсатаев қызметінен кетті. Оның орнына әзірге ешкім тағайындалған жоқ. Дегенімен, Ғабит Қазбековтың кандидатурасы жиі айтылып жатыр. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу