"Барлық кінәлілер жауапқа тартылады": Алматы облысының әкімі Талғардағы жағдай туралы айтты

7499

Еңбекшіқазақ ауданы, Азат ауылындағы өртке және Талғар ауданындағы жағдайға байланысты Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жедел штаб отырысын өткізіп, шұғыл жиын өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Барлық кінәлілер жауапқа тартылады": Алматы облысының әкімі Талғардағы жағдай туралы айтты Фото: Алматы облысының әкімдігі

"Біз марқұмның отбасына көмектесу үшін бар күшімізді саламыз. Жағдай бақылауда, барлық құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Заңдылықты қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Барлық кінәлілер жауапқа тартылады", – деді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ, өртенген үйді толық қалпына келтіруді тапсырды.

"Отбасыға материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі", – деп атап өтті әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу