Барлық майнинг фирмаларды заңдастыру қажет – Бағдат Мусин

4066

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин еліміздегі майнинг саласын заңдастыру үшін қандай шара қолданылып жатқанын жариялады. 

Барлық майнинг фирмаларды заңдастыру қажет – Бағдат Мусин

"Біз – майнинг саласын заңдастыруға бағыт алған елміз. Бірақ оны заңдастырып, кәсіпкерлік қызмет ретінде тіркелуге компаниялар аса құлықты емес. Майнингпен айналысса да, көлеңкелі аймақта жүрген компаниялар бар. Олар электр энергиясын пайдаланып отыр. Бірақ жасырын жұмыс істейді. Сондықтан 1 кВт энергия үшін 1 теңге деген баға белгіленді. Мұндағы мақсат – аталған компанияларды көлеңкеден шығару", – деді халық алдындағы есептік кездесуінде Бағдат Мусин 

Министрдің мәлімдеуінше, елімізде майнинг саласы ерекше қарқынмен дамып жатса да, ешкім салық төлеп жатқан жоқ. 

"Майнинг саласының дамып жатқанына қарамастан, қосылған құнды сіз де, мен де сезініп отырған жоқпыз. Өйткені ешкім салық төлемей отыр. Инвестиция келіп жатыр. Инвестиция әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс істеуі үшін барлық майнинг фирмаларды заңдастыру қажет. Криптоиндустрияның барлық табысы майнинг саласынан түсіп жатыр. Биткойнді осында жасағанмен, шетелде сатады. Бұдан бөлек криптобиржа бар. Осы биржаларды дамытсақ, табыс ұлғаяды", – деді Бағдат Мусин.

Бұдан кейін ол ірі криптобиржа құрып, содан салық алып отырған елдерді мысалға келтірді. 

"Біз 2 бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бірінші кезекте барлық майнинг фирмалар көлеңкеден шығарылады. Олар Astana Hub мекемесіне тіркелсе, 20%-дық корпоративтік табыс салығынан босатылады. Қазір 1 кВТ үшін белгіленіп отырған 1 теңге – символдық төлем ғана. Электр энергиясын өндірушілер майнинг фирмаларына қуат бергеннен қайтарым жоқ екенін алға тартып отры. Ал майнерлер символдық төлем көлеңкеден шыққанан кейін 10 теңге болып кетпей ме деп қауіптенеді. Нақты айтайын,  мұндай өсім болмайды", – деді министр. 

Қанат Махамбет 
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу