"Барселона" бапкері қатарынан екінші рет үздік атанды

553

Неміс маманы бұл марапатқа қатарынан екінші маусымда ие болды.  

"Барселона" бапкері қатарынан екінші рет үздік атанды Фото: спортс

"Барселонаның" бас бапкері Ханси Флик Испания чемпионатының 2025/26 жылғы маусымындағы үздік бапкері атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Каталониялық клуб неміс маманының жетекшілігімен Ла Лигада сәтті өнер көрсетіп, 31 жеңіс, 1 тең ойын және 6 жеңіліспен чемпиондық атақты жеңіп алды.

Осылайша, 61 жастағы маман аталған марапатқа қатарынан екінші маусымда қол жеткізді.

Үздік бапкер атағына үміткерлер қатарында Хосе Бордалас ("Хетафе") және Марселино Тораль ("Вильярреал") да болған. Алайда маусым қорытындысы бойынша жүлде Ханси Фликке бұйырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу