"Барселона" Испания кубогының финалында Мадридтің "Реалын" жеңді

211

Осылайша, "Барселона" өз рекордын жаңартып, Испания кубогын 32-рет жеңіп алды.

"Барселона" Испания кубогының финалында Мадридтің "Реалын" жеңді Фото: aljazeera.com

Ойын Севильядағы Олимпиада стадионында (Estadio Olímpico de la Cartuja) өтіп, "Барселона" клубының 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

Ойынның алғашқы голын Педри 28-минутта соқты. 70-минутта "Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе есепті теңестірді. Одан 7 минут өткен соң Арда Гюлердің пасынан кейін Тчуамени баспен гол соғып, "корольдік клубты" алға шығарды.

Негізгі уақыттың аяқталуына 6 минут қалғанда Ферран Торрес есепті қайта теңестірді.

Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталып, қосымша уақыт белгіленді. Овертаймда шешуші голды 116-минутта Жюль Кунде соқты. Ол алыстан қақпаны дәл көздеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу